Жұма, 29 Наурыз 2024
3410 0 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:10

Тәжікстанда журналистерді алаяқтық үшін соттады

Тәжікстан соты апталық «Хукук» («Құқық») газетінің бас редакторы Ойбек Алиев пен оның әкесі Турсунали Алиевті алаяқтық жасады деген айыппен 8 жыл 10 айға және 6 жылға түрме жазасына кесті.

70 жастағы Турсунали Алиевтің жасына байланысты 6 жыл түрме жазасы 2 жыл шартты мерзімге ауыстырылды. Жергілікті журналистік ұйымдар сотталушыларды қорғаудан бас тартты.

Белгілі болғандай, 2014 жылы әкелі-балалы Алиевтер "билік өкілдеріне бағынбады" деген айыппен сотталған. Бірақ рақымшылыққа ілініп, айыппұл төлеп, түрмеге отырмаған.

Жабборрасулов ауданы тұрғындарының шағымдарынан кейін, оларға қарсы жаңадан қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленушінің бірі Турсунали Алиевтің туған бауыры Хусейн Алиев сотталушылар тұрғындарға көмектесемін деп, халық ақшасын алдап алған дейді.

Жергілікті журналистік ұйымдар болса, олардың іс-әрекеттері журналистік этикаға жат деп, қорғаудан бас тартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3583