Жұма, 29 Наурыз 2024
4217 2 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 10:04

Түркіменстанда ұн тапшылығы байқалады

Түркіменстанның бірқатар аймақтарында ұн тапшылығы байқалады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Атап айтқанда, Мары және Ахал облыстарында жоғары сортты ұн бағасы екі есеге қымбаттаған.

"Осыған дейін жоғары сортты бір қап ұнның бағасы 50 манат болса (14 доллар шамасында), қазір 100 манат", -дейді сұхбат беруші.

Марыдағы дереккөздің сөздерінше, Мары мен Туркменабад арасында жолаушы тасымалдайтын көлік жүргізушілері енді ұн тасумен айналысып жатыр. Аймақ тұрғындары ұн тапшылығынан қорқып, қор жинап жатқан көрінеді.

Ұн тапшылығы астана тұрғындарына да байқалады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қазіргі кезде "Туркменбакалея" мемлекеттік дүкендер желісінде шетелде өндірілетін ұн мүлдем сатылмайды. Отандық ұн да тапшы.

Азаттыққа сұхбат берген тұрғындар әсірсе қазақстандық ұнға деген сұраныс жоғары дейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584