Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6998 3 пікір 30 Қараша, 2017 сағат 09:26

Жаспын деп жүріңдер!

"Ет саламын, тамақ жеп кет" деген соң, мана түстетіп, құрбымның үйіне барсам, мен сияқты етке келген қонақ кісі көп екен.

Мен кештетіп барғам, бəрі үстелге жайғасып қойыпты.

Құрбым үйіндегі қонақтарына кіріп келген мені: "20 жылдан бергі жақын араласып келе жатқан жақын жолдасым" деп таныстырғанда, маған таңырқасып "студент па десек, өте жас көрінеді екенсіз" деп жатысты.
Мен ізет сақтаған болып:

- "Қайдағы?! Жас емеспіз ғой" - деп, қайыра салғам. Сөйтсем, арасындағы сөзшең біреуі:

- "Елдің алдында жүрген ана абыздарымыздың өзі 80-ге келсе де, балапан сезініп, өзін бір кісілердің қызғыштай қоруына өте зəру болып жүргенде, сендердікі не тəйірі?!

Жылдар деген, қартайдық десең қайыра ала береді. Жаспын деп жүріңдер! Жасарып жүріңдер!" - деп нықтай, бұйыра сөйлегеніне, кешігіңкіреп кіріп, жұрттың назарын өзіме аударып алдым ба деп ыңғайсызданып тұрған мен, қуана кеттім ғой.

"Бір кісілердің" қоруына зəру емес, өз ортам екен ғой деп...

P.S. Алда келе жатқан 1-желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күніне сол "балапан" атам да төбесін бір көрсетіп қалар, иә?

Ася Асенкина

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544