Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 5806 11 пікір 30 Қараша, 2017 сағат 09:18

Əр қазақ "өз тілімді білмеймін" деген сөзге намыстану керек

Өз тілінде сөйлемейтін адамдардың тиіттей намысы жоқ деп есептеймін. Олардың ана тілін түсінбеймін деп безектегенін көргенде біртүрлі боламын. Мектеп, бала-бақшаға баласын жетектеген кейбір ата-аналар неге ұрпағына өз тілінде сөйлемейді? Əрине өзге тілдің бəрін білсін. Бірақ ұлтыңның тілінде сөйлеу, бала-шағасына үйрету əр қазақтың парызы.

Көршім былтыр қызын орыс сыныбына берді. Ол қазақша оқу бітірген оқушының болашағы жоқ дейді. Неге? Оның айтуынша үш-төрт мекемеде жұмыс істеп, іс-қағаздарды орыс тілінде жазып, əбден қиналдым деп ренжиді. Бұл рас. Мемлекеттік мекемелерде құжаттар, іс-қағаздар əлі күнге ресми тілде жазылады. Мұның бəрі сылтау сияқты. Қазақ тілін үйрену қиын деген сылтауға да сенбеймін.

Осы аптада Алматы қаласы Жетісу ауданы əкімінің аппарат жетекшісі Вячеслав Дмитриевич Вавилин деген азаматпен жұмыс барысында таныстым. Қазақша сөйлегенде əр сөзі нық. Аудан əкімдігіне бір кейіпкердің мəселесімен барған едік. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп мақалдап сөйлегенде риза болдым. Əр қазақ "өз тілімді білмеймін" деген сөзге намыстану керек. Өз ойым ғой.

Жазира Бегалы

Facebook-тегі парақшасынан

11 пікір