Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7490 36 пікір 29 Қараша, 2017 сағат 23:43

Гаага сотында у ішкен Праляк кім?

Әлемдік БАҚ-тың назары Босния хорваттарының бұрынғы командирі, 72 жастағы генерал Слободан Пралякта. Гаага соты Слободан Пралякты 90-жылдардың басындағы Босния қырғынына кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Босния мұсылмандарына қарсы әскери қылмыс жасады деп айыпталған Слободан Праляк сот үкімі шығардан бірнеше секунд бұрын у ішіп, сот шешімімен келіспейтінін айтты.

"Мен дәл қазір у ішітім. Мен әскери қылмыскер емеспін. Мен бұл шешімге наразылық білдіремін!" дейді өз сөзінде.

Сот төрағасы процессті тоқтатып, дәрігер шақырған.

Айта кетейік, бұл Халықаралық Гаага трибуналының бұрынғы Югославия ісіне қатысты соңғы шешімі еді.

Сонымен Слободан Праляк кім? 

2013 жылы ол Босния мұсылмандарына қарсы әскери қылмыс жасады деп айыпталып, 20 жылға түрмеге жабылған. Хорваттардың тағы бір көсемі Ядранко Прличке сот 25 жыл жаза кескен.

Оларға - Балқанда этникалық хорват мемлекетін құруға әрекеттенді әм Босния мұсылмандарына қарсы әскери қылмыс жасады деген айып тағылды.

Слободан Праляк 1945 жылы туған. философия факултетін, театр және кино академиясын бітірген. 70-80 жылдары бірнеше фильм түсірген. Соның ішінде 80-жылы түсірілген "Иттің өлімі" деректі фильмін ерекше атап өтуге болады.

Праляк пен Прлич 1991 жылы Югославия ыдырағаннан кейін Герцег-Босниядағы бейресми хорват республикасының лидерлері болды. Праляк 1991 жылы өз еркімен әскерге қосылып, 1993 жылы әскерді басқарды.

Босния мұсылмандарына қарсы соғыс кезінде Слободан Праляк хорваттардың қорғаныс кеңесі штабын басқарды.

1993 жылғы әскери қақтығыс кезінде ЮНЕСКОның қарауындағы мұралар қатарына жататын ескі көпірдің тас-талқаны шықты. Бұған Праляк пен оның басқаруындағы армия айыпты болды.

Праляк пен оның басқаруындағы армия этникалық сербтер мен босниялылықтарды аяусыз қырды деп айыпталды. Тіпті өздері құрмақ болған Герцег-Бониядан хорват ұлтынан басқаларын қудалап, аяусыз қырып, мұсылман әйелдерін зорлады дейді оған тағылған айыпта.

Бұнің барлығы 1993-1994 жылдары Праляк пен Прлич бастаған топтың Мемлекет құру жолындағы жоспарлы қадамдары болған. Тіпті Мостардағы мешітте болған Халықаралық бақылаушыларды да аяусыз өлтірген.

Алайда Праляк өзіне тағылған айыптың ешбірін мойындаған жоқ. Ал бүгін Аппеляциялық сот шешімі Праляктың жазасын өзгертусіз қалдыру болды. Есесіне Генерал Гаага трибуналынан у ішті.

Әлемдік сот процессінде сот шешіміне наразылық көрсетудің бір формасы ретінде өз-өзіне қол жұмсау тенденциясы белең ала бастады. Халықаралық Гаага трибунасының шешіміне наразылық білдірген Слободан Праляк та суицид жасаушылардың біріншісі емес.

Мысалды алыстан іздеп жатудың керегі жоқ. Биыл ғана Ақмола облысына қарасты Целиноград аудандық соты өзін-өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозовты соттады. Иә, өлген адамды соттады.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

36 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542