Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4098 0 пікір 28 Қараша, 2017 сағат 12:51

Ташкентте жағдайы төмен отбасыларға арналған пәтерлер шенеуніктерге берілген

Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің тапсырмасымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап салынған жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер жергілікті байлар мен шенеуніктерге таратып берілген.

Өзбекстанның бас прокуратурасы президенттің шағымынан кейін істі тексере бастаған. Бұл жөнінде Ташкент қаласы әкімдігіндегі дереккөз хабарлады.

"17 қарашада президент Мирзияев Сергелі ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінің ашылуына қатысты. Сол кезде тұрғындар оған пәтерлерді байлар мен шенеуніктерге таратып бергенін айтып, шағымданған. Сол жерде мемлекет басшысы арнайы комиссия құрып, тексеруді тапсырды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр," – деп хабарлады өзбек шенеунігі.

Оның сөздерінше, пәтерлерді беру кезінде алаяқтық жоспар орын алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528