Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
3646 84 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 10:24

Астана: Бішкек суды өз бетімен бөгей алмайды

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға су бермей қоюдың маңыздылығы туралы айтқан сөзіне пікір білдірді.

Атамбаев 20 қарашада Қырғызстан президенті ретінде өткізген қорытынды баспасөз конференциясында Қазақстан Қырғызстанға "блокада" қойғанын мәлімдеп, "Қырғызстан егер Қазақстанға су беруді тоқтатса, шекарадағы жағдай бірден дұрысталатынын" айтқан.

Мырзахметовтің пікірінше, Қырғызстан трансшекаралық өзендерді пайдаланудың халықаралық келісімдеріне сай су беруді бір жақты түрде тоқтатып, я бөгей алмайды. "Қырғызстан бұл ережелерді сақтауы тиіс" деді Мырзахметов.

Мырзахметов "Қазақстанның да өз есебі барын" және елдің ауыл шаруашылығы көрші елдерге тәуелді екенін де айтты. "Біз жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді вегетация кезеңінде қажетті көлемдегі сумен қамту шараларын жасаймыз" деді министр.

Қырғызстан өткен айда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне байланысты" Қазақстанмен шекаралас Талас облысындағы Киров су қоймасынан Жамбыл облысына су жіберген. Қазақстан билігі су жіберудің алдын ала келісілгенін мәлімдеген.

Abai.kz

84 пікір