Жұма, 29 Наурыз 2024
4845 1 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 10:15

Ауғанстанда Бұхарадан шыққан ИМ командирінің ұсталғаны хабарланды

Ауғанстанның Джузджан провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымының ықпалды дала командирі Шерзод Анваровтың ұсталғаны хабарланды. Оны ауған қауіпсіздік күштері ұстаған.

Өзбекстан тумасы болып келетін Анваров 36 жасаққа басшылық жасаған. Джузджан провинциясы әкімшілігінің өкілі Риза Ғаффари Шерзод Анваровтың Шеберған қаласында ұсталғанын хабарлаған.

Ғаффаридың айтуынша, Анваров Шеберған арқылы Орталық Азия елдерінің біріне өтпек болған.

- Бірақ Анваровтың Орталық Азияның қай еліне өтпек болғаны әзірге анықталмады, - дейді Ғаффари.

Оның айтуынша, Джузджан аумағында ИМ-ның Ауғанстаннан және Өзбекстаннан шыққан бірнеше дала командирі бой тасалап жүруі мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда, қазір Джузджан уәлаятында тәліптер мен ИМ жасақтары бір мезгілде белсенділік көрсете бастаған.

Ұсталған Ширзод Анваровтың Өзбекстанның Бұхара облысының тумасы екені айтылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610