Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 8784 14 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 08:57

Адамның сағы қалай сынады?

Футуролог Жак Фреско жылан мен тышқанды бір жәшікке қамап ортасын әйнекпен бөліп қояды. Осылай біраз уақыт эксперимент жүргізеді.

Ашыққан жылан тышқанды жұтпақ болады. Бірақ әйнекке соғылып қалады. Бауырымен жорғалаушы жыртқыш бұл әрекетін 12-13 рет қайталайды. Одан кейін тышқанға мән бермейді.

Артынша зерттеуші ортадағы әйнекті алып тастайды. Бірақ жылан жемтікті жұтуға мүлдем талпынбаған екен. Себебі жыланның миында қайта-қайта қайталанған сәтсіздектен үрей пайда болған.

Адам баласы да мақсатына «жетем» деп ұмтылған сайын дауыл соғып құлатып кете беретін болса, алға қарай жүруге жасқанатын болады. Сағы сынды деген осы.

Аяз Би

Facebook-тегі парақшасынан

14 пікір