Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3918 1 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 12:29

Швеция соты терроризмге күдікке іліккен Өзбекстан азаматын қамауда ұстап отыр

Швеция соты Стокгольмдегі шабуылды жасады деген күдіктінің қамау мерзімін ұзартты. 39 жастағы Рахмат Акилов 21 желтоқсанға дейін қамауда отырады.

Тергеушілер Акиловтың сыра таситын көлікті ұрлап әкетіп, оны 7 сәуірде көше толы адамдарға қарай жүргізген деп отыр. Сот мәлімдемесінде айтылғандай, Акилов прокурордың күдіктіні ұстау мерзімін ұзартуға қатысты өтінішіне шағымданбаған. Оған терроризге қатысты айыптар тағылған.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Акиловты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымдары өздеріне қаратып алған. Ол 2014 жылы Швецияға көшіп кеткен екен.

Abai.kz

1 пікір