Жұма, 19 Сәуір 2024
4209 0 пікір 21 Қараша, 2017 сағат 10:05

Алматыда «Алаш Орданың» 100 жылдығына орай тегін концерт өтеді

«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерті өтеді.

22 қарашада «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт ұйымдастырады.

Дәстүрлі музыкалық концерттің мақсаты – азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалған композиторлардың тағдырлы шығармалары мен тәуелсіздік, ұлт тағдыры турасындағы халықтық ән-күйлерді ел назарына ұсыну. Сонымен қатар атауы шарада жас толқынға өз тарихын танытып, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісі басты мақсаттың бірі болмақ.

Концертке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Талғат Мұқышев, Амангелді Күзеубай және тағы басқа белгілі өнер иелері қатысады деп күтілуде.

Сонымен бірге атаулы концерт аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алаш Орданың» 100 жылдығына арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.

Abai.kz

0 пікір