Жұма, 29 Наурыз 2024
4078 8 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:20

Түркияда түркімен азаматын "гүленшілермен байланысы үшін" соттап жатыр

Түріктің Кыркларели қаласында дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленнің он жақтасын соттап жатыр. Олар "әділет министрлігінде топ құрды" деп айыпталды.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, айыпталушылардың арасында түркімен азаматы Ыгтыяр Аннаев бар. Түріктің Milliyet күнделікті басылымының 15 қарашада хабарлауынша, бұл топ Bylock әлеуметтік желі платформасында жасырын келіссөздер жүргізген. Айыпталушылар арасныда сот ұйымдары мен түзеу мекемелерінің қызметкерлері бар.

Жатақханалардың бірінде тәрбиеші болып істеген Аннаевқа айыптар шілде айында тағылған. Ол және басқалары тағылған айыптарды жоққа шығарды. Республикалық тергеуші соттан 10 айыпталушыға түрме жазасын белгілеуді сұрады.

Түрік медиасының хабарларына қарағанда, гүлен қозғалысына қатысы бар күдіктілер арасында Түркіменстан азаматтары жиі кездеседі.

Шетелде тұратын Фетхуллах Гүленнің жақтастарын 2016 жылы 15 шілдеде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Гүленнің өзі бүлікке қатысы жоғын айтып, өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып келеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551