Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3521 0 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:15

Дәрі деген босатылмайды ғой, беріледі!

Бес литрлік құтыны алып, үйдің жанындағы дәріханада тұрған апараттан «халал» су алуға барғам.

Су толғанша дәрілердің сыртындағы жазуды оқып тұрдым. Бәріне де «препарат дәрігердің рұқсатымен босатылады» деп «қазақша» жазып қойыпты.

Тағы сол орыстың «препарат отпускается по рецепту врача» деген сөзінің калькасы.

Дәрі деген босатылмайды ғой, беріледі! «Дәрігердің рұқсатымен ғана беріледі» деп жазса ғой, шіркін!...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір