Сенбі, 20 Сәуір 2024
3700 0 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 08:11

Полигонында атылған оқ тұрғын үйлерге тиді

Тәжікстанның Шаартуз ауданында полигондағы атыс кезінде үш үйге зақым келген. Атылған оқ нысанадан мүлт кетіп, бейбіт тұрғындардың үйлеріне тиген. Оқиға 11 қарашада тіркелді. “Харбмайдон” полигонында ҰҚКҰ-ның "Әскери бауырластық-2017" бірлескен шұғыл-стратегиялық оқулары өтіп жатыр.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, төтенше оқиғадан аудан тұрғындары зардап шекпеген.

Иттифак ауылының тұрғыны Саида Курбонованың хабарлауынша, оқтың бірі әдетте оның бес баласы телевизор көретін бөлмеге тиген. "Абырой болғанда, бұл күні жарық болмады, сол себепті балалар менімен бірге асханада жүрген. Оқтан қабырғада, шатырда тесіктер қалды", - деді Курбанова.

Оның күйеуі Мухиддин Курбоновтың хабарлауынша, үйіне келген сарбаздар жертөледен тағы бір оқ тауып алған.

Ауыл кеңесінің басшысы Абдурахим Урунов зардап шеккен Курбоновтар отбасының шығыны өтелетінін айтты. Арнайы комиссия келген шығынды 2 мың сомони деп есептеген.

Тәжікстанда соңғы жиырма жылда әскери оқуларда атылған оқтан 11 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Abai.kz

0 пікір