Сенбі, 20 Сәуір 2024
4436 4 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 08:09

Қырғыздың жаңадан сайланған президентінің бауыры Украинадаға елші болады

?????????????????????????????????????????????????????????

Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті Жүсіпбек Шариповтың Қырғызстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшілігіне үміткерлігін мақұлдады.

Комитет төрағасының орынбасары, депутат Каныбек Иманалиев мұндай сұраудың 14 қарашадағы отырыста талғыланғанын мақұлдады.

Заң бойынша, елшілікке үміткерді қырғыз президенті ұсынады. Парламент келісімін берген жағдайда, мемлекет басшысы тиісті жарлық шығарады.

Жүсіпбек Шарипов қазір Қырғызстанның араб елдеріндегі елшілі болып істейді. Ол Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтың туған бауыры.

2016 жылдан бастап Украинадағы қырғыз елшілігінде уақытша өкіл қызметін Батыркан Сыргабаев атқарып келеді.

Abai.kz

4 пікір