Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3520 3 пікір 15 Қараша, 2017 сағат 10:14

РФ Думасы шетелдік БАҚ-тың барлығын шетелдік агентке теңестіруді ұсынды

Мемлекеттік Думада әділет министрлігіне Ресей аумағында жұмыс істейтін шетелдік БАҚ-тың барлығын шетел агентіне теңестіруді ұсынды. Бұл туралы төменгі палата төрағасының орынбасары Петр Толстой мәлімдеді.

Толстойдың сөзіне қарағанда, ел аумағында тіркелген шетелдік ақпарат құрал немесе шетелден қаржыландырылатын БАҚ шетел агенті деп танылуы мүмкін. Шетел агенті деп танылған БАҚ өз өніміне белгі салуы тиіс. Бұл коммерциялық емес ұйымдар туралы заңда айтылған.

Тіркеуден өтуден бас тартқандары Ресейде жұмыс істеу мүмкіндігінен айрылады, деді Толстой.

Заңға өзгертулерді Ресей Думасы 15 қарашада қабылдауы мүмкін.

Abai.kz

3 пікір