Сенбі, 20 Сәуір 2024
3499 0 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 08:38

Тәжікстанда қуғындағы генералдың үйі балабақшаға айналды

Кулябта өмір бойы бас бостандығынан айырылған генерал Гаффор Мирзоевтің үйі балабақша ретінде пайдалануға берілді.

2006 жылы Тәжікстанның Жоғарғы соты Ұлттық гвардияның бұрынғы қолбасшысы Мирзоевті мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесті. Оның дүние-мүлкі мемлекет пайдасы үшін толық тәркіленді.

Куляб университетінің әкімшілігі бастапқыда генералдың үйін кітапхана ету жөнінде ұсыныс білдірген. Бірақ кейін жоспар өзгерген.

Кейін бұл ғимараттың балабақшаға айналатыны айтылған. «Ғимарат жаңа міндетін орындауға дайын», - деді университет оқытушысының бірі.

60 жастағы Куляб тұрғыны Файзиддин Зарифи азаматтық соғыстан кейін Гаффор Мирзоев үйдің аумағын жекешелендіріп алып, биік қоршаумен бекітіп тастағанын айтады.

Түрмеде Гаффор Мирзоевтан бөлек, отбасының үш адамы отыр. Олар – бауыры Абдурасул Мирзоев, ұлы және күйеу баласы.

Abai.kz

0 пікір