Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 6149 7 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 08:25

Хақы жоқ!

Жолдасымның қызметімен 1 жыл Шымкентте тұрдым. Ол - "түгін тартса, майы шығатын" аймақ. Халықтың 80 пайызы жермен күнелтеді. Мұнай жоқ, газ жоқ, зәулім зауыттар да көп емес. Күнкөріс көзі - бау-бақшасы, көкініс пен жеміс -жидек өсіру.

Бір байқағаным, плантациялар мен теплицалар көп екен. Сол плантацияларда ертелі-кеш жұмыс істейтін әйелдермен сұқбаттасқаным бар. Күніне 500 теңгеге жалданады екен. "Негізгі күнкөріс көзіміз осы. Жұмыс жоқ. Қара жеріміз асырап отыр бізді. Бала-шағамыз көп. Үйде бау-бақша өсіреміз. Ал плантациядан тапқан ақшаға басқа азық-түлік аламыз. Онсыз аш қаламыз ғой", - деді толғағы жеткенше плантацияда жұмыс істеуді әдетке айналдырған аяғы ауыр келіншек.

Дәл осылай миллиондаған оңтүстіктік тұрғын тіршілік етеді. Үкіметің, ешкімге қол жаймай, өздерін өздері қара еңбекпен асырап отыр! Олардың асыраушысы - жер! Сосын - ерен еңбек, маңдай тер! Осылай күнелтіп, әр күнін әр күніне жалғап отырған халыққа іштей шүкіршілік етудің орнына: "Атамбаевқа айтып, Оңтүстікке бұрылатын суды жаптырып тастау керек. Бау-бақшалары суғарылмаса, халық аштан қатады. Сосын ереуілге шығады" дегендей ақыл айтыпты Әбіләзов Қырғызстан Президентіне. Неткен арамдық! Ол жердегі жер емген халықтың, бала-шағаның тағдыры ше? Қырық-елу градус ыстықта шыжыған аспанның астында алып плантацияларда мақта теріп, бау-бақша суғарып, шөп жұлып жүрген бала-шаға, үлкен-кішілердің ерен еңбегін көзіммен көрген соң айтам. Әбіләзовтың шуылдақтары қиқулап жатыр. Солардың бәрін жиып алып, сол алқаптарда жұмыс істетіп қояр ма еді... Көрер едік қалай сайрағандарын... Биліктің тағдырымен ойнасын, бірақ xалықтың тағдырымен ойнамасын! Қақы жоқ!

Дина Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір