Сәрсенбі, 22 Қараша 2017
46 - сөз 1363 1 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 07:57

Орыстар оны бізден "арендаға" алған

Осыдан біраз жыл бұрын Астрахань жақта болып қайттық. Жолдағы асханада алматылық шешен жігітімен танысып қалдық. Шешенстанға бірінші рет бара жатқан беті екен. Қазақстанда туған ғой.

Олардың Джохар Дудаевтан бастап, Ахмад Қадыровқа дейінгі тұтас бір элитасы қазақ жерінде дүниеге келген. Екі мыңыншы жылдары бармақшы болып, соғыс басталып кеткен де, кейінге қалдырыпты. Содан кейін енді ғана жолы түскен.

Астрахандағы туыстарын аралап, ары қарай атамекеніне баратынын айтты. «Менің бір түсінбегенім»,- дейді, - Астраханның маңындағы елдімекендердің бәрінің аты қазақша екен. Сонда бұл Қазақстанның жері ме?» деп таң қалып сұрады. Астраханның кезінде қазақ хандығына қарағанын, қазақ жері екенін, ал Орынбордың Қазақстанның астанасы болғанын айттым. Сосын қалжыңдап, «Орыстар оны бізден «арендаға» алған. Ағылшындар Гонконкты қытайларға қайтарды ғой, тура сол сияқты уақыты келгенде қайтарып береді» деп едім, күліп жіберді.

Тарихи тағдыр деген қызық нәрсе. Астраханның маңындағы елдімекендердің бәрі - Құрмансай, Ащыбұтақ, Қарабұтақ, Естеміс деп қазақша аталады да, өзіміздегі Қостанайдың маңындағылары – Денисовка, Елизаветинка, Антоновка, Ивановка деп әлі сіресіп тұр. Орыстың жері болса бірсәрі, өз жеріміздегі осындай келімсек атаулардан әлі құтыла алмай жатқанымыз жаныңа батады. Оны да Қостанайға барғанда көрдім. Бір жерде бірнеше жыл бойы әкім болып отырып, түк бітірмей кететіндер бар. Әкімдеріміз ең құрығанда өзі басқарған өңірдің жер-су атауларын қазақшалап кетіп отырса ғой, біраз жұмыс бітетін еді...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10316
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18519