Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5904 0 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 12:40

Мемлекеттік тіл мәселесі... Семинар-тренинг онлайн түрінде өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар-тренинг өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Семинар-тренинг ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ғимаратында, 303 бөлмеде сағат 09:30-да басталады.

Семинар-тренингтің мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені зерделеу және оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданысқа енгізу.

Семинар-тренингке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, ғалымдары мен тіл мамандары қатысады.

Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологияларымен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтарын онлайн режимде көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 74-08-77, 40-83-67, 8 747 031 16 32

Абай-ақпарат

0 пікір