Сәрсенбі, 21 Ақпан 2018
639 2 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 08:58

Өзбекстан ЕҚЫҰ-мен тығыз байланыс орнатқысы келеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 9 қарашада еліне ресми сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бас хатшысы Томас Гремингерді қабылдады.

Шавкат Мирзияев дипломатты жауапкершілігі жоғары лауазымды қызметке тағайындалуымен құттықтап, Өзбекстанның ЕҚЫҰ-мен барлық мәселелер бойынша, тығыз байланыс орнатуға қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.

ЕҚЫҰ бас хатшысы Самарқанда өтетін халықаралық конференцияға қатысады.

Томас Гремингер Өзбекстанның көрші елдермен және Ауғанстанмен қарым-қатынасты дамыту жолындағы конструктивті қадамдарын жоғары бағалады.

Гремингер ЕҚЫҰ-ның Өзбекстанға реформалар жүргізуде көмек көрсетуге әзір екенін жеткізген.

Abai.kz

2 пікір