Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3391 0 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 08:56

Ресейде қалып қойған тәжік мигранттарын еліне тегін жеткізбек

Тәжікстан үкіметі "Темір жол" мемлекеттік компаниясына Ресейдің "Ақсарай" шекара бекетінде қалып қойған тәжік мигранттарын еліне тегін жеткізуді тапсырды. Қараша айының басында Мәскеуден Душанбеге қайтып бара жатқан 200-ге тарта Тәжікстан азаматын пойыздан түсіріп тастаған.

Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің хабарлауынша, Ақсарайда қазір 130 мигрант бар. Астрахан облысы Краснояр аудандық соты Ресейден 60 тәжік азаматын шығару жөнінде шешім шығарған. Оларға үш жыл бойында Ресей аумағына кіруге тыйым салған. Ал қалғандары сот шешімін күтіп отыр.

Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің шекара басқармасы қараша айының басында «Мәскеу-Душанбе» пойызында Ресей заңын бұзған 200-ге тарта адамның ұсталғанын хабарлаған. Олардың бәрін Ақсарай шекара бекетінен түсіріп алған.

Енді "Тәжікстанның темір жол" ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Анвар Латифзода үкіметтен шекара бекетінде түсіп қалған азаматтардың бәрін елге тегін алып келу жөнінде бұйрық алғанын хабарлады.

«Біздің елшілік Астрахан облысындағы жағдайға алаңдайтынын білдіріп, РФ СІМ-ге нота жолдады», - деді Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің баспасөз хатшысы Сарвар Бахти.

Abai.kz

0 пікір