Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
46 - сөз 5792 9 пікір 1 Қараша, 2017 сағат 10:27

Тағы да сол Американы жамандау, Еуропаны айыптау...

Ресейлік екі телеарнада болып жатқан екі хабарды қатар көрдім. Бірінші арналарында АҚШ-тың Пол Манафортты айыптауын талқылап жатыр. Екі журналист жүргізіп тұр.

Екеуі де АҚШ-ты, Еуропаны жамандап, айыптап әлек. Сәл өзгеше пікір айтатын адамға екі жақтап жабылып, сөз бермейді. Оған өзге қонақтар да қосылып, әлгі жалғыз адамды жан-жақтан жеп тастады. "Жалғыздың үні" тағы да шықпай қалды. Мұндай хабар Россия РТР арнасында да болып жатыр. Анау Соловевтің "Вечерінде" Украинадағы Михомайданды талқылады. Оған да өзгелерге ұқсамайтын пікірі бар бір адам келіпті. Оған да журналисімен қосылып жабылып, ауыздарына келгендерін айтты. Сөзін тыңдамайды, пікіріне құлақ аспайды. Аузын аша бергені сол еді өзге бес-алты адам кезек-кезегімен сөзін бөліп, сөйлетпейді. Тағы да сол Американы жамандау, Еуропаны айыптау.

Түсінбейтінім, екі хабарда да журналистер бейтарап бола алмайды. Біржақты. Қыңыр. Сөздері өздерінікі ме, әлде тапсырыс па айыру қиын. Бірақ, оңып тұрған жоқ не болса да. Көрудің өзі жиіркенішті. Жақсы бірдеңе көргісі келетін көрерменге обал. Құсықтарын төгіп жатыр.

Нұрбек Түсіпхан

Facebook-тегі парақшасынан

9 пікір