Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 6541 11 пікір 1 Қараша, 2017 сағат 10:21

"Әжептәуір ән еді..."

Іле-шала əлеуметтік желіде аты-жөнін латын қарпінде жаза қойып, "Жаңғырған есім - жаңа өмір!" деп пост қалдырған əйеліне күйеуі: "Атың латын болғанмен, затың қатын, тоғыз кластық біліміңмен, тоқсан тоғыз кемшілігіңмен, жиылмайтын төсегіңмен, тыйылмайтын өсегіңмен, шаруаға олақтығыңмен, кірқожалақ салақтығыңмен сол баяғы алқаш Сəлімнің пұшық мұрын қатыны - Қатыш боп қала бересің! деп аптығын басыпты...

Сол айтпақшы, "Жаңа, жаңа" дегенмен, ескі жаңарып, жыртық бүтінделіп кетіп жатқан жоқ. Шикілі-пісілі қалпында ғой əлі. Кезең-кезеңімен дегенді, кезек-кезегімен көшу деп түсінгендей ме кей жұрт? "Әжептәуір ән еді..." Жарысқа айналдырмай, науқаншылдыққа ұластырмай артын баға тұрсақ қайтеді?!..

Қуат Әуесбай

Facebook-тегі парақшасынан

 

11 пікір