Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4645 2 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:08

Бішкек: шекара мәселесі ДСҰ-да 10 қарашада көтеріледі

Қырғызстанның экономика министрі Артем Новиковтың хабарлауынша, Қырғызстан 10 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда жөніндегі комитетінде арнайы баяндама жасайды. Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық комиссияға шағымы қаралатын күн әзірге белгісіз.
10 қазанда Қазақстан шекара бақылауын күшейтті, соның салдарынан өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бір аптадан соң Қырғызстан үкіметі ДСҰ мен ЕЭК-ге қазақстандық тараптың келісімді бұзғаны туралы шағым түсірді.

Новиковтың сөзіне қарағанда, Қазақстанмен шекарадағы мәселеге қатысты шешім экономикалық бірлестік аясында қабылданады. Екі тарап та ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға кіреді.

18 қазанда Астанада Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуінде жолаушы көліктері мен ауыр жүк көліктерінің жүрісін тежемеуге келіскен. Сол кездесуде шекара мәселесін шешу үшін жол картасын қабылдау келісілген.

25 қазанда қырғыз экономика министрі Артем Новиков, Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңестен соң,"Қазақстан жол картасына қол қоюдан бас тартты" деп мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір