Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
1937 0 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:34

Өзбекстан президенті Түркияға барды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға аттанды. Бұл Мирзияевтың президент ретінде Түркияға бірінші ресми сапары.

Өзбекстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының сапары барысында Анкарада өзбек-түрік саяси қарым-қатынасын дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация мәселелері қаралады. Сонымен бірге аймақтатық қауіп-қатерге бірлесе қарсы тұру талқыланады.

Сапар қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою қарастырылған.

Соңғы рет екі елдің лидері 10 қыркүйекте Астанада өткен ғылым және технология бойынша ислам елдері ынтымақтастығы ұйымының саммитінде кездескен. Таяуда ғана Шавкат Мирзияев Түркия азаматтарына визаны жеңілдету туралы қаулыға қол қойды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда түрік инвесторларының қатысуымен 441 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 94-і түріктің жүз пайыз капиталымен құйылған.

Abai.kz

0 пікір