Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5358 5 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 11:57

Қазақстанда өзбекше жарық көретін бірнеше газет бар

Мен білетін бір мектепте мұғалімдердің көбі өзбек тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымды оқиды екен. "Неге тап осы газетке?" деген сауалыма "өз ана тілдерін ұмытып қалмау үшін, тілдерін дамыту үшін осыны таңдайды" деген жауап алдым.

Айтайын дегенім... Облыста өзбекше жарық көретін бірнеше газет бар.

Дегенмен, менің бүйрегім "Жанубий Қазақстанға" бұрады. Себебі ол мемлекеттік газет. Мемлекетіміздің саясатын насихаттайды. Мемлекетшіл. "Өз тілін ұмытып қалмау үшін...." дегендер неге енді сол өзбек тілінде жарық көретін біздегі мемлекеттік газетті таңдамайды? Неге тәуелсіз басылымға бүйрегі бұрады? Ол басылымның не жазып жатқанын оқып, саралап отыратындар бар ма екен? Менікі жәй ғана қызығушылық танытқан сауалдар. Жауабын әркім өзі топшылай жатар... менің білетінім, Қазақстанды мекен еткен сан ұлттың өкіліне тілі мен ділін жоғалтпау үшін мемлекетімізде барлық жағдай жасалған. Тек соның қадірін білсе болғаны!

Жәмилә Мамырәлі

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір