Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
4145 2 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 09:07

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы химиялық шабуылды зерттеуіне тосқауыл қойды

БҰҰ Қауіпсіздің кеңесінде Ресей Сириядағы химиялық қару қолдану оқиғасын зерттеуге тосқауыл қойды. Қытай дауыс беруден бас тартты.

Сейсенбі күні Ресей осы мәселеге қатысты арнайы миссия жұмысының жалғасуы туралы қарарға вето қойды. Кеңестің 11 мүшесі қолдап дауыс берген.

Бұған дейін Ресей құжаттың қаралуын 7 қарашаға ауыстыруды ұсынған, бірақ оның бұл ұсынысы қабылданбады. Қарарды АҚШ дайындаған. 26 қазанда халықаралық сарапшылар Сириядағы химиялық шабуыл туралы соңғы баяндамасын таныстырады.

Башар Асад жүйесі БҰҰ-ның сириялық кезінде химиялық қару қолданылған деген айыбын жоққа шығарып отыр. Биыл сәуірде Хан-Шейхунда (Идлиб провинциясы) 80-нен астам бейбіт тұрғын улы газдан қаза тапты.

Сарапшылар мәліметтеріне қарағанда, Сирияда соңғы алты жылда 30-дан астам мәрте химиялық қару қолданылған.

Abai.kz

2 пікір