Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3845 0 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 08:55

БАҚ: бұрынғы ресейлік офицер несиегерлерден құтылу үшін "ИМ" сапына өткен

Бұрынғы ресейлік офицер Денис Хисамов коллекторлардың әлегінен құтылу үшін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына кірген. Бұл туралы "Коммерсантъ" Хисамов жақындарына сілтеме жасап хабарлады. Бұның алдында Тәжікстан ішкі істер министрлігі Хисамовтың Түркиядан Душанбеге экстрадицияланғанын хабарлаған еді.

"Коммерсантъ" жариялаған мәліметке қарағанда, 2014 жылдың аяғында Хисамов банктердің бірінен жол талғамайтын BMW сатып алу үшін несие туырлаған. Ресей Қорғаныс министрлігінің капитаны белгісіз бір себептермен ол несиені төлемеген. Банк коллерторларға жүгінген, олар Хисамовқа қысым көрсеткен. Сол кезде ол автомобильді сатып, ол ақшаға Тәжікстанның жалған төлқұжатын жасатқан. Сол арқылы Түркия кетіп, ИМ құрамына кірген, Ирак мен Сириядағы әскери қимылдарға қатысқан.

Хисамовтың жақындарының бірі бұл ұйымға ол идеологиялық сеніммен кіруі мүмкін екендігін айтты. Басылым дереккөзінің айтуына қарағанда, соңғы жылдары Хисамов дінмен қатты әуестенген.

Денис Хисамов – Краснодар тумасы, жоғарғы білімі бар, техника ғылымдарының кандидаты. 2004-2009 жылдары Ресейдің қорғаныс министрлігінде істеген. Ол биыл сәуірде Түркияда ұсталды.

Ресей билігі Хисамовтың ұсталғаны туралы әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525