Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4908 0 пікір 30 Қыркүйек, 2017 сағат 14:12

Қазақ күшейсе - бірлікпен күшейген!

Қазіргі таңда еліміз экономикасы нық, әлеуметтік-саяси жағдайы тұрақталған алдыңғы 50 дамыған мемлекеттің қатарына кіргелі отырғанын барлығымыз жақсы білеміз. Бұл дегеніміз – «Қазақстан-2030» стратегиясын мезгілінен бұрын орындағанымыздың белгісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­бае­­в­­­­­­­­тың­­ Қа­­зақстан халқына Жол­­да­уын­­да,­ жаңа дамыған, өр­кен­де­ген бола­­шақ­­қа жетелейтін маңызды құжат – «Қа­­зақ­­стан-2050» стратегия­сы ұсы­­ныл­­ды. Халықтың әл-ауқаты, тұр­мыс­тық жағдайы, рухани байлығы тек осындай үлкен жоспарларды құрып, соған деген талпыныстың нәтижесінен ғана бола алады. Елбасымыздың кемеңгер саясаты мен халықтың ауызбіршілігінің, нақты қойылған мақсаттар мен міндеттердің арқасында «Қазақстан-2030» стратегиясын он бес жылдың ішінде жүзеге асырдық. Бұл стратегияның жүзеге асуына Қазақстанның әр азаматының өзіндік үлесі зор. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, біздің еліміз жиырма жылда керемет табыстарға жетті.

«Қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсі­­реген, күшейсе – бірлікпен кү­­шей­­ген» деп, ащы болса да, шындықты айт­­қан Елбасы, барлығымызды бірлікке, дос­­тық­­қа, ынтымаққа шақырады. Егер біз­­ді әлсірететін сыртқы және ішкі фак­­тор­­лар­­ға берілетін болсақ, қанша төккен маңдай теріміз зая кетеді. Ел болып бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алатын болсақ қана, қандай да болмасын факторлар бізге әсерін тигізе алмайтыны айдан анық. Күнделікті болып жатқан сырт елдердегі оқиғаларды мысал етуге болады, қантөгіс, тұрақ­сыз­­дық салдарынан қаншама елдердің құрдымға кетіп бара жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан, барлығымыз бір жіптен ұстайтын болсақ, әлі талай белестерді, шыңдарды бағындырармыз.

«Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал, 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады» деп атап өтті өз Жолдауында Мем­­лекет басшысы. Расында да, ел эко­­­­номикасының тұрақтануының бір­­ден-бір себебі – шағын және орта бизнестің дамуы. Әрбір дамыған елді қарасақ, ел экономикасын ұстап тұр­­ған шағын және орта бизнес болып та­­­­­былады. Қазіргі уақытта бизнесті да­­мыту үшін мемлекет тарапынан көп­­теген көмек көрсетіліп жатыр, бізге тек қорықпай алға ұмтылу керек, сонда ға­­на жетістікке жетеміз.

Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт. Бұл туралы Н.Назарбаев жиі айтады. Бүгінде қазақтардың бауырмал, қонақжай халық екенін барлық ел мо-йындап отыр. Біз осы қасиеттерімізден айырылып қалмауымыз керек. Көп ұлтты мемлекет бола тұра, бірлігіміз жарасқан елміз. Барлық ұлттармен тату-тәтті өмір сүрсек қана басқа елдерден тұғырымыз биік болады, достық қарым-қатынасымыз одан әрі жақсаратыны анық.

Тимур ОРАЗАҚОВ

Abai.kz

0 пікір