Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3732 0 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 12:40

Баткен облысында қырғыз-өзбек кәсіпорны ашылады

Баткен облысында бірлескен қырғыз-өзбек кәсіпорны ашылады. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің аймақтағы өкілетті өкілі Әбіш Қалмұрзаев мәлімдеді.

Оның сөздерінше, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан өту процесін жеңілдету үшін және екі елдің кәсіпкерлеріне тиімді жағдай жасау үшін бұл іс қолға алынып отыр.

"Өзбек тарабы біздің «Ақ-тұрпақ» бірінші сортты күрішті импорттағысы келеді. Бұл біз үшін өте жақсы мүмкіндік. Жыл сайын біз 5 тонна күріш аламыз. Біз шекара жанынан қырғыз-өзбек бірлескен кәсіпорнын құруды ұсындық. Қазір құрылысын жүргізуге тиімді жерді іздеп жатырмыз", - дейді Әбіш Қалмұрзаев.

Оның берген ақпараты бойынша, өзбек тарабы тек ғана күрішке емес, көмір, баткен өрігі және Лейлек ауданыдағы кварц құмына да қызығушылық білдіріп отыр. Өз кезегінде Қырғызстан Өзбекстанның тоқыма өнімдері мен киімдерін алуға дайын.

2 қазанда Қадамжай (ҚР) және Вуадиль (ӨзР) қалалары маңындағы қырғыз-өзбек шекарасынан бақылау-өткізу бекеті ашылған.

Баткен облысы Өзбекстанның Ферғана облысымен шекараласады. Мұнда халық саны 3,7 млн адам. Аймақ арасында 4 автокөлік жолы және 1 теміржол бар.

Қазіргі уақытта екі ел арасында тағы да екі көлік жолын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір