Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Тылсым 39264 9 пікір 1 Қазан, 2017 сағат 10:03

Сезім дегеніміз не?..

 

Бірінші әңгіме

Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, СЕЗІМ дегеніміз – адам жанының ешқандай қатардағы бір пенденің көзіне көріне де бермейтін ең нәзік қылы. Сезімге бастайтын жол – ынтықтық, құмарлық, құштарлық. Негізінен осы ЫНТЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚ, ҚҰШТАРЛЫҚ болмаған жерде - ешқандай да СЕЗІМ туралы айтудың өзі артық дер едім.

Ал, енді осы СЕЗІМНІҢ ең шырқау шегі не дегенде, айтарым, ол – ҒАШЫҚТЫҚ! Басқаша айтқанда МАХАББАТ! Және де ол пенде бойындағы СЕЗІМ атаулының ең асылы саналады. Бұған дейінгі адам бойындағы алуан сезімдер – сол ҒАШЫҚТЫҚҚА апаратын баспалдақтар еді. Оның қандай БАСПАЛДАҚТАР екенін жоғарыда айттым: ЫНТЫҚТЫҚ, ҚҰМАРЛЫҚ, ҚҰШТАРЛЫҚ деп.

Адам бойындағы оның бұлықсыған жастық шағында пайда болған СЕЗІМДЕР – ең МӨЛДІР әрі ЫСТЫҚ СЕЗІМГЕ жатады. Бұл СЕЗІМДЕР – сол пенденің еркек не ұрғашы болғанына да қарамастан олардың бойында біртіндеп пайда болып, ол егер ынтықтың, құмарлықтың, құштарлықтың таза жемісі болса, онда сөзсіз адам табиғатының ең ғажайып сәті – ҒАШЫҚТЫҚҚА ұласады.

Жаратушысының пендесіне сыйлаған бұл баға жетпес сыйлығы – ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ болса, ол ешқашан да сөнбейді! Ешқашан да өшпейді!

Ер адамның немесе әйел адамның бойындағы бұл асыл сезімдер – оның көзі жұмылғанша жоғалмайды. Оған бір ғана мысал, арманына жете алмаған екі ҒАШЫҚТЫҢ – басқа жандарға қосылып өмір кешкендерімен, олардың бойындағы сол бір асыл СЕЗІМ – ҒАШЫҚТЫҚ оты - ешқашан да өшпейді, өлгенде де о дүниеге олармен бірге кетеді екен.

Жастық шақтағы ессіз ҒАШЫҚТЫҚ пен қартайып шау тартқан кездегі ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ ешқандай айырмашылығы жоқ. ҒАШЫҚ адам – өмір бойы ҒАШЫҚ болып өтеді.

Адам баласын хаюан емес, АДАМ етіп ұстап отырған да – адам бойындағы ешқашан да суып бермейтін ең ыстық, ең нәзік асыл СЕЗІМ – ол ҒАШЫҚТЫҚ!

Қазақтың ұлы данышпаны Абай атамыздың: «Махабатсыз - дүние бос» деп айтқанынан көкірегі ояу, көзі ашық әр пенде өзіне ұмытылмастай сабақ алары даусыз.

ҒАШЫҚТЫҚ дегенімізге бай Қазақ ауыз әдебиетінен толып жатқан мысалдар келтіруге болады. Сан мың жылдық тарихы бар Аягөздегі, Таңсықтағы – Қозы мен Бян кесенесінің күні бүгінге дейін асқақ тұруы – әне оны сол ҒАШЫҚТЫҚҚА орнатылған асыл ескерткіш емес деп кім айта алады? Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр және т.б. сияқты Қазақтан шыққан ғашықтық құрбандарының өзі сан мыңдап саналады екен.

ҒАШЫҚТЫҚ – егер ол шынайы ҒАШЫҚТЫҚ болса, еркек пен әйелдің діттеген мақсаттарына жеткендерінен кейін де, ешқашан да суып әрі салқын тартпайды. Сондықтан да ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІН – МӘҢГІЛІК СЕЗІМ деп айтуымыз керек. Және де шынайы ҒАШЫҚТЫҚ – кез-келген пенденің маңдайына жазыла бермейтін қасиет екенін де ешқашан да естен шығармауымыз керек!

Адам бойындағы ең асыл СЕЗІМ – ҒАШЫҚТЫҚ туралы түгесіп бітіп бермейтін әңгімелер, мысалдар, хикаялар, дастандар айтуға болады. Менің бұл жазып отырғанымның – сонда, тіпті, қызғылықты әрі тартымды боларында және ешқандай дау жоқ.

Адамзат баласы асыл СЕЗІМ – ҒАШЫҚТЫҚ туралы неше алуан көркем шығармаларды, аңыз-ертегілерді, хикаяларды, небір көркем туындыларды өмірге әкелгенін - барлығымыз да жақсы білеміз. Өмірдің мәні де, сәні де – осы бір адам баласының бойындағы кез-келген пендеге бұйыра бермейтін ең АСЫЛ СЕЗІМІ – ҒАШЫҚТЫҚ екенін бір сәтке де жадымыздан шығармайық. Өмір бойы өкініп, опық жеп өтпес үшін, әлгі Қазақтың: «қолда барда, алтынның қадірі жоғының» керіне ұшырап жүрмейік, ағайын дегім келеді...

Ал, адам бойындағы Сезімге қатысты неше түрлі хикаяларды амандық болса, алдағы уақыттардың бірінде Сіздерге әңгімелеп берерім даусыз.

Қдірлі оқырманым, әзірге осыны да қанағат тұта тұрайық!..

 Сезімге сызат түсіріп алмайық

 Екінші әңгіме

 Менің ғаламтор желілерінде жарияланған «Сезім туралы»  ой толғанысым, оқырмандар тарапынан қызу талқыланғанын, несіне жасырайын. Осыған қарап-ақ, адам жанының ең нәзік қылы - сезім туралы бір ғана мақаламен шектелуге болмайтын сияқты. Сезім - адам жанының ең нәзік қылы болуымен қатар, ол - адам жанының ең асыл қасиеті екені де ешқандай дау тудырмаса керек.

Бұл Жалғанда адам баласының сезімсізі болмас деп ойлаймын. Сезім - жас та, уақыт та талғамауы мүмкін. Және ешқашан да адам сезімімен ойнауға болмайды. Сезім адам жанының нәзік қылы болғаннан кейін, оны мүмкіндігінше аялап ұстаған жөн. Адам сезімі аса сезімтал болуымен қатар тез лап ете түсуімен қатар, соншалықты тез өшіп те қалуы ғажап емес. Сезімге сызат тез түседі. Сонымен бірге, адам сезімі тез жараланғыш.

Сезімсіздіктің тек қана хаюанға тән екенін, данышпан Абай талай рет айтқаны есімізде шығар. Бұл, өз алдына бөлек әңгіме...

Жалпы, лапылдаған жас та, ақыл-есі толысқан адам да, сезімге тез берілгіш келеді.

Адам сезімнің шырқау шыңы әрі оның ерекше көзге түсетін тұсы - ынтықтық, құмарлық, ғашықтық екені белгілі. Бұл үшеуі - адам баласының бойындағы айтып, тіл жеткізгісіз ғажайып сәті!

Сондықтан да жас та, жасамыс та – пендесіне Жаратушының өзі сыйлаған бұл айтып тіл жеткізе алмас, тек қана Сезім тілімен сөйлейтін, осынау асыл қасиетімізді әрқашан да аялай білейік, ардақтай білейік!

Ең бастысы, бойымыздағы осы бір СЕЗІМ деп аталатын ғажайып қасиетімізге титтей де қылау түсірмеуге тырысайық!..

 Жан ләззаты мен тән ләззаты: Тояттау

Үшінші әңгіме

Адам жанынының ең нәзік қылы – СЕЗІМ деп аталатыны турасында жоғарыда тілге тиек еткен мақалаларымда жазған болатынмын.

СЕЗІМГЕ тура бастайтын жол: Құмарлық, Құштарлық, Ынтықтық, Ғашықтық,Тояттау екендігі - айтпаса да түсінікті.

Енді осыларға қал-қадарынша жеке-жеке тоқталып көрейін.

Сонымен, екі адамның, яғни, еркек пен әйелдің бойындағы нәзік сезімдердің бірі - ҚҰМАРЛЫҚ дегеніміз не?

Бұл СЕЗІМ – Еркекке де, Ұрғашыға да - ортақ құбылыс. ҚҰМАРЛЫҚ – ЕРКЕКТЕ көп болып, Ұрғашы да аз болады немесе керісінше болады деп айту – қате пікір дер едім.

ҚҰМАРЛЫҚ – Еркек пен Ұрғашының бірі немесе екеуі бірдей бір-бірінсіз тұра алмайтын қалге жету. Еркек те, Ұрғашы да, алған мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды немесе ақыл-естерінен айрылатындай күйге жеткен сәтті бейнелейді бұл ыстық құбылыстар...

ҚҰШТАРЛЫҚ – Құмарлықтың бір түрі немесе екеуі өте ұқсас СЕЗІМ десе де болады. Бір-біріне ҚҰМАР болған: Еркек пен Ұрғашының ҚҰШТАРЛЫҚ СЕЗІМІ оянады. Жалпақ тілмен айтқанда, құштар жандар – бір-бірінсіз тұра алмайтын қалге жеткен сәтті бейнелейтін бейнелі теңеу десе де болады. Бір-біріне ҚҰМАР болған, ҚҰШТАР болған тән ләззаты мен жан ләззатының тоят іздеген жандар - көп жағдайда күндіз - күлкіден, түнде - ұйқыдан айрылады десе де болады. Адам СЕЗІМІ бұл сатыда - Еркек пен Ұрғашының бір-бірінсіз тұра алмайтын қалге душар болғанын сездіреді.

ЫНТЫҚТЫҚ – ҚҰМАРЛЫҚ пен ҚҰШТАРЛЫҚТЫҢ ең асқынған тұсын бейнелейді. ҚҰМАР болған, ҚҰШТАР болған Еркек пен Ұрғашының бірін - бірі көре алмаса, тұра алмайтын қалге душар болғанын айғақтайтын ыстық СЕЗІМНІҢ ерекше түрі бұл. Еркек те, Ұрғашы да, түнде от болып жанып, дөңбекшіп ұйықтай алмайтын жағдайға душар болады.

ҒАШЫҚТЫҚ - Құмарлық, Құштарлық, Ынтықтықтың шырқау шекке жақындағанын сездіретін адам СЕЗІМІНІҢ лапылдап отқа оранған бір сәтін бейнелейді. Еркек те, Ұрғашы да, өздерін-өздері тежеп ұстай алмайтын қалге душар болғанын айқындайтын кезең бұл.

ЖАН ЛӘЗЗАТЫ МЕН ТӘН ЛӘЗЗАТЫ – Құмарлық, Құштарлық, Ынтықтық, Ғашықтық сезімдерінің шырқау шегі десе де болады.

Еркектің де, Ұрғашының да, жан ләззаты мен тән ләззатын алуы – ғажайып сәт!

СЕЗІМНІҢ: Құмарлық, Құштарлық, Ынтықтық, Ғашықтық сатыларынан сүрінбей өткен немесе көптеген кедергілер мен қиындықтарды асқан қайсарлықпен, төзімділікпен жеңе білген Еркек пен Ұрғашы – Жан ләззаты мен тән ләззатына ерік береді. Бұл, буырқанған сезімге толы оттай ыстық сәтті – жай ғана тілмен бейнелеп жеткізу мүмкін емес. Бұл жөнінде әлемнің небір ғұлама ойшылдары, жазушылары, ақындары, аз жазған жоқ, аз тебіренген жоқ.

Адам бойындағы осы бір айтып тіл жеткізе алмас Жан ләззаты мен Тән ләззатының бір-бірімен тоғысып, ғаламат күшпен жанартаудай атылып, сыртқа от шаша атылғанын, Еркектің де, Ұрғашының да – бір-бірінен ТОЯТ алғанын, яғни, ТОЯТТАҒАНЫН, қайталап айтамын, қарапайым тілмен бейнелеп жеткізу - мүмкін емес.

Адам бойындағы асыл СЕЗІМНІҢ осынау бір арнасынан асып, тасып, ақтарылатын көкке көбік шаша буырқанған сәтін - Қазақтың даншпан ақыны әрі ойшылы, Абай:

«Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көбен көр де, ішпен біл...»-деп, қалай дөп басып айтқан десеңізші?

«СЕЗІМ туралы» бұл шағын хикаямда, адам бойындағы асыл қасиет - СЕЗІМ жөнінде Ұлы Абайдан артық ештеме де айта алмас едім әрі оған менің шамам мен күшім де жетпес еді дер едім.

Әзірге «СЕЗІМ туралы» үшінші хикаямды- осы жеткен жерімнен тоқтата тұрғанды жөн көрдім. Амандық болса, алда «Сезім туралы» неше түрлі хикаялар мен аңыздарға, әр пенденің басынан кешкен алуан-алуан оқиғаларға сүйене отырып, баяндайтын боламын.

Сонымен, қадірлі оқырман!

«СЕЗІМ ТУРАЛЫ» хикаямның жалғасын күтуіңізге әбден болады деген нық сеніммен бұл жолдарды әзірше аяқтай тұрамын...

 Құмарлық

 Төртінші әңгіме

 Алдыңғы үш хикаямда да адам жанының нәзік қылы СЕЗІМ туралы және оған баратын жолдар: ҚҰМАРЛЫҚ, ҚҰШТАРЛЫҚ, ЫНТЫҚТЫҚ, ҒАШЫҚТЫҚ, ЖАН ЛӘЗЗАТЫ МЕН ТӘН ЛӘЗЗАТЫ немесе ТОЯТТАУ туралы әлім жеткенше бір сыдырғы әңгіме еткенім белгілі.

Енді сол жолдардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталсам ба деймін. Сондықтан да бұл жолы ҚҰМАРЛЫҚ-ты жеке тақырып етіп алдым.

Мен бұл жолы Адамдар арасындағы, дәлірек айтқанда, Еркек пен Ұрғашы арасындағы ыстық та нәзік Сезім - ҚҰМАРЛЫҚ туралы туралы ғана баяндамақпын.

Еркек пен Ұрғашы арасындағы сезім жайлы әңгіме айтып отырғандықтан, менің кімдер туралы сөз қозғап отырғанымды бірден түсініп алған жөн сияқты.

Сонымен ҚҰМАРЛЫҚ дегеніміз не?

ҚҰМАРЛЫҚ - бір нәрсеге, дәлірек айтқанда бір адамға құмар болуды білдіреді.

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

9 пікір