Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4995 6 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 08:59

Министрдің миы

... бес, алты, бес, алты... Өткендегі ромашкада жеті жапырақ болғанда балалар бес күн оқитын еді, иә?! Гүлді көрмей тұрып бес күн деп қойғанымды қарашы... я же не виноват... бес, алты, бес... алты күн-то лучше... Бес күндік күнделік ше, сатылып кетті ғой... Ну, ешкім өкпелемесін, ничего личного... "Оқулық" не істеп жатыр екен, келер жылға басатын кітаптар дайын шығыр... Молодцы! Жақсы работтайды. Ну и что, қате, ну и что қайта басамыз... ол баспалардың артында қандай қолтр... қолтр... тфу, крокодилдер тұрғанын білсе бәрі жым болар еді.

"Ана тілі" деген "Букварь ма, "Азбука" ма... Оқып көру керек екен.... еще ана "Әлиппе"... бәрі сұрап жатқанға қарағанда бестселлер ғой деймін... авторы Ахан деген екен, біреулер Ахаң дейді?! Өздері толком білмейді, соны мақтай береді. Резберемся... "казак тілі" дәптері ұнамайды оларға... қазақ не, казак не... жақында бәрібір qazaq болады ғой... әлде болмай ма?! Мұқабасы теріс! ну и что? Теріс болса аударып оқысын, жүрейін сол әр кітапты ашып, тексеріп. Күйіп кетесің ғой! Бұларға бәрін бер; кітап бер, дәптер бер, ақылды мұғалім бер! Живи и радуйся! Жоқ, "Методикаң қайда?" - дейді ғой, жыныңды ұстатып.

Откуда я знаю методиканың қайда жүргенін? Әй, кітап бар, дәптер бар... оқи бер! Ту-у... Қиын ғой біздің халык, совсем киын... За-то, осы күні балалар вообще көшеге шығып ойнамайды, ата-аналары да үйден шыға алмайды. Бәрі жабылып есеп шығарады! Говорят уатсапта чат ашып алып, ақылдасады екен... Во! Елді бұлай оқыту этим... Алтынсаринам не удавалось!

Сенаторлар да қызық "Орыс тілінен" бір қате кетіп еді сонша шулатып... Бұған дейін ана ... әлгі... әнші тисе беруші еді, тұрасың сол қып-красный болып... Странный сұрақтар қояды... "балалар сумканы көтере алмайды" - дейді ғой... Я тут причем?! Көтере алмаса - хилый, оған ана тамақ, экономика жауап берсін. Или ана спорттағы... телефонмен жүгіре бергенше балаларды занимайттасын! Қызық осы... Мен министр или он министр?!
Жазда қалай жақсы еді. Ешкім іздемейтін. Е, мае... английский бар ғой... Деревенски устаздар... Қойш , қазір "бес, алты" важно... бес, алты, бес, алты... әлде "төрт" десем бе екен... Я же все таки министр! Төрт күн он сабақтан... Ай, болмайды, и так уже шахид-махид, анау-мынау деп жатыр... бес, алты, бес, алты... Ту, божым-ай, тезірек жаз келсе екен...

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606