Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3686 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:28

ЕҚЫҰ саммитіне қатысушылар мерекелік концертке барды

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – «Қазақстан» орталық концерт залында алдағы ЕҚЫҰ саммитінің қонақтары мен қатысушыларына мерекелік концерт қойылды, деп президенттің баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлады.

Концертке Қазақстанның танымал әртістері мен белді шығармашылық ұжымдары қатысты. Олардың арасында КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тлеухан, Майра Мұхамедқызы, Нұрлан Бекмұхаметов, Құрманғазы ат. мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестірі т.б. бар.

Концертте БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Қырғызстанның өтпелі кезең президенті Роза Отунбаева, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, бұрынғы Югославиелік Македония Республикасының басшысы Георге Иванов, Лихтенштейн премьер-министрі Клаус Чючер, Ватикан мемхатшысы Тарчизио Бертоне, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет мүшелері, халықаралық ұйым өкілдері болды.

Концертте сондай-ақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болды.

0 пікір