Жұма, 29 Наурыз 2024
Жанайқай 6845 2 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 10:36

"Сот әділ шешім шығармаса өзіме-өзім қол жұмсаймын"

Жақында «Abai.kz» ақпараттық порталында «Ашық хат: Соттағы сыбайластыққа тоқтау қашан болады?» атты ашық хат жарияланған болатын. Ашық хатта Сот процессі кезінде болған келеңсіздіктер мен сот орындаушысы тарабынан жіберілген өрескел қателіктер туралы айтылды.

Бүгін редакциямызға Ашық хат авторының бірі, ІІҚ зейнеткері, запастағы офицер Зайнаудинов Алимжан Арупұлы келіп, өзінің жанайқайын жеткізді.

Алимжан Арупұлы:

-Мен - бұрынғы офицермін. Қазақстаның қарулы күштеріне өз еңбегімді сіңірген адаммын. Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеп келемін. Заң бұзған жерім жоқ. Ешкімнің ала жібін аттамадым. Жасым 57-ге келді. Үйімде кәмелетке толмаған екі балам бар. Сот орындаушының және соттың былығымен міне, далада қалайын деп отырмын.

Қазір Жаманбаланов Алматы қаласындағы Алатау аудандық сотына арыз жазып, мені өзім салған үйімнен сот арқылы шығаруға әрекет етіп жатыр. Қыркүйектің 18-күні Сотта мен: «Жасым 60-қа  келейін деді, бала-шағам бар. 40 мың доллар ақшаны бердім. Үй салдым. Барлық газ-су, электр жарығын жүргіздім. Табан ақы, маңдай теріммен тұрғызған өз үйімнен өлсем кетпеймін» дедім. Сотта ашық айтқанымнан әлі қайтпаймын. Егер сот әділ шешім шығармайтын болса, бала-шағаммен қоса, үйді де, өзімді де жарып жіберемін. Өйткені, басқа амалым қалмады. Сот пен сот орындаушы сыбайласып, учаске мен үйімді сатып пайдасын көрді. Қыс болса таяп қалды. Мен бала-шағаммен тентіреп қайда барамын?. Менің құқығым неге аяққа таптылып жатыр? Менің ғана емес, әйелім мен балаларымның конституциялық құқы неге тапталуы тиіс?

Дауанов, Гречева, Қали өз мақсаттарына жетті. Мен Заңгер ретінде олардың қылмыстық әректтерін әшкерелеп бере аламын. Мен өз сөзімді құжаттар арқылы да дәлелдеп бере аламын.

ЖСО Қали Қуаныштың қызмет ету аумағы - Алматы қаласы. Борышкер Нұрғасқаев Айбол Алматы облысы Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы, Серікбаев көшесі 49-үйде  тіркелген. ЖСО Қали заң жүзінде істі Райымбек ауданының сот орындаушысына тапсыруы тиіс.

Дауанов Берікжан мен Гречева С. екеуінің ойы – егер біз Жетусу аудандық сотының шешімімен жер учаскесінің құжаттарын алсақ, 12 миллион теңге пайда көре алмайтын еді. Сол үшін Дауанов пен Грачева Нұрғасқаевтың тұрғылықты мекен-жайын әдейі жасырған.

ЖСО Қали Қуаныш ХҚКО-дан анықтама алмаған. Себебі, мүлікті бағалауды борышкер және мен біліп қойсам учаскені сатып жіберуі мүмкін болмайтын еді.

ЖСО Қали Қуаныш сотқа арыз беріп, Нұрғасқаевтың мекен-жайы анықталмалды дейді.  Алатау соты мәжбүрлі түрде алып келу туралы шешім шығарады. Бұл шешімді ЖСО Қали Қуаныш Алатау аудандық ІІБ-на жібереді. Сөйтіп, ІІБ жауап жазған. Онда Нұрғасқаевтың мекен-жайы анықталған жоқ деп жазылған.

Енді парадокс. 2016 жылдың қараша айында сот процессі кезінде борышкер Нұрғасқаев А.  Сот төрағасына ХҚКО-дан 25.11.2016 жылы берілген мекен-жай анықтамасын тапсырған. Онда азамат Нұрғасқаевтың Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы, Серікбаев көшесі 49-үйде тіркелгені анық көрсетілген. Сонда мекен-жайды қалай таба алмайды? Түсініксіз ғой.

12.12.2016 жылы ЖСО Қали Қуаныш борышкер Нұрғасқаев Айболды ауруханадан шығарып, борышкердің анасының үйінде Алматы қаласы, Қарасу ықшам ауданындағы Южное көшесі 4 үйде, кешкі сағат 23:00 шамасында учаскелік инспектормен бірге қандай халде жатқанын өз көзімен көрген.

Неге сол кезде тіркелген  мекен-жайын сұрамаған? Неге сот орындау процессін тоқтатпаған? Неге үй құжаттарын Дауановтан алып, борышкерге бермеген? Неге борышкердің бала-шағасының мүлікке тиісті пайын, үлесін анықтап бермеген? Қали Қуаныш жоғарғы білімді заңгер бола тұра, заңды бес саусағындай біле тұра, неге бағалаудың уақыты өтіп кеткеннан кейін мүлікті  берді? 18 миллион теңгеге сатқан күннің өзінде қалған ақшаны неге Нұрғасқаевқа қайтарып бермеді?

Аппеляциялық сот алқасы шешім шығарған кезде салынған менің үйімнің мәселесін шешкен жоқ, ескерген жоқ?

Мен сот қызметінде істемесем де, білем. Мұндай шешімді жартылай заңсыз шешім деп есептейді. Неге жоғарыдағы отырған соттар осындай заңсыз шешімді біле тұра көзін жұмды? Жоғарыда аталған адамдардың істеген іс-әрекеті  ҚР Қылмыстық кодексінің 250 бабы, 2-тармағында, 251 баптың 1-тармағында, 361 баптың 2-3 тармақтарында, 362 баптың 2-тармағында, 418 бапта, 190-баптың 1-3 тармақтарында көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттерге сәйкес келеді.

Осыларды ескеріп, біз Ашық хат жаздық. «Нұр Отан» партиясы, Қожамжаров мырза басқаратын агенттік пен Бас прокуратура бұл іске бейжай қарамайды деп ойлаймыз. Оң шешім күтеміз.

Редакциядан: Өзін отбасымен бірге өртеп жіберуге (ондай оқыс оқиға болмай-ақ қойсын) дайын отырған Алимжан Арупұлы шиеленісті істің ақырынан оң шешім күтеді. Біз де мәселенің дұрыс шешімін табуына сенгіміз келеді. Алайда, еліміздегі заң, құқықорғау органдары азаматтардың тағдырын неге осыншалықты тығырыққа тіреп, оларды барша қиындықтармен бетпе бет қалдырады деп ойлап отырмыз. Қазір айналамызда Алимжан сияқты қиянаттың отына шала күйіп жүгендер көп. Біреу өзін өзі өртеп жіберуде, біреу полиция қызметкерлеріне оқ атып, артынан өзі де оққа ұшуда. Міне, өткен жазда ғана сот пен прокуратураның ісіне күйінген Өмірзақ Жампозов естіген елдің жағасын ұстатып барып көз жұмды. Ау, ақ жағалы ұлықтар, бейбіт өмірді қалайтын елімізде осындай тосын жайттар жалғаса бере ме?..

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565