Жұма, 29 Наурыз 2024
4466 0 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 09:04

Amnesty International "Укринмашты" қару жеткізгені үшін айыптады

Халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Оңтүстік Суданға қару жеткізбек болған украиналық мемлекеттік компанияны БҰҰ эмбаргосын бұзуға талпынды деп айыптады.

Ұйым мәліметіне қарағанда, украиналық компания африкалық мемлекетке "мың автомат, минометтер және басқа да қару" жеткізгісі келген.

Amnesty International "Укринмаш" компаниясын соғысып жатқан африкалық елге қару тасу тыйымын айналып өту үшін 2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниямен әріптес болды деп отыр. Бірақ ұйым Оңтүстік Суданға қарудың барлығы немесе жарымы ғана жеткізілгенін нақты анықтай алмаған. Келісім 170 млн доллар болған. Қару сатып алушының қолына тигені расталса, бұл қару саудасын әшкерелеудегі ірі жанжалға айналуы мүмкін.

"Укринмаш" өкілі Юрий Кириллич Азаттық радиосына мемлекеттік компанияның Оңтүстік Суданға ешқандай қару сатпағанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618