Жексенбі, 8 Желтоқсан 2019
Жаңалықтар 6167 4 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 21:26

Гүлмира Садықова. Латынға көшу – заман талабы

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын. Латын әліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің тәжірибесін назардан тыс қалдырмауды да осы жиында тапсырған еді.
Кезінде түркі мәдениеті және өнерін зерттеу, оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ-дың жиынында түркітілдес елдер латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдаған болатын. Түркі халықтары тілі ұқсас болса да осы кезге дейін әр түрлі әліпбимен жазып жүр, латын әліпбиін пайдаланатынтүркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түсірілген емес.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын. Латын әліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің тәжірибесін назардан тыс қалдырмауды да осы жиында тапсырған еді.
Кезінде түркі мәдениеті және өнерін зерттеу, оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ-дың жиынында түркітілдес елдер латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдаған болатын. Түркі халықтары тілі ұқсас болса да осы кезге дейін әр түрлі әліпбимен жазып жүр, латын әліпбиін пайдаланатынтүркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түсірілген емес.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, орысқа мойын бұрған көз алдын ғана көретін зиянды зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді.

Мұрат ӘУЕЗОВ, мәдениеттанушы ғалым:

- Өз басым қазақ қоғамының латын гра­­фи­касына көшу керектігін жақтаушы­лар­дың бі­­рімін. Осы мәселеге қатысты ой-пікір­ле­рімді бұ­рыннан бері айтып та, жазып та келемін. Жал­пы, бұл идеядан біз басы­мыз­ды алып қаш­пауымыз керек. Кезіндегі Кеңес үкі­меті тұ­сын­да бізбен бауырлас кейбір ха­лық­тар ла­тынға көшкенде, ара­мыз­дағы рухани бай­­ла­ныстар үзіліп, бір-бі­ріміздің жа­зуы­мызды тү­сіне алмайтын дең­гейге түсіп кеттік. Біз бұған дейін отар­шылдық саясаттың құр­ба­ны болып келдік. Ал латын графикасын қа­былдау ар­қы­лы біз рухани, саяси дер­бес­ті­гімізді де ны­ғайта тү­сер едік. Олай болса, ла­тын графикасы жал­пы түркі халық­та­рының ортақ түсінісетін жа­зуы болары сөзсіз. Қа­зіргі уақытта латын әр­пін қолдану, ең бі­рін­шіден, заман талабы бо­лып отыр. Сон­дықтан да заманауи тех­но­ло­­гия­ларға тәуелді еке­німізді мойындап, кез келген жаңа дү­ниелермен санасуымыз керек.

Совет-Хан Ғаббасұлы, профессор:

Латын графикасына көшу Қазақ мемлекеті үшін дауласатын мәселе емес, тек ойланатын проблема деп ұққан жөн.. Тек, бұл мәселенің бір тетігі бар. Сол тәсілге Ғарифолла бір табан жақындай түскен екен. Бұл тәсілді мен екі жылдан бері айтып та, тиісті мекемелерге хат ретінде жазып та жүрмін. Бұл тәсіл өзінің пәрменділігімен және қоғамға ауыр салмақ түсірмейтіндігімен құнды. Ол үшін унитарлы мемлекет - екіжақтылықты, қостілділікті, қолдан жасалынған жартыкештіктен құтылуы керек. Қоғамдағы осындай дерттен құтылудың да, латын әліпбиін ауырлатпай кіргізудің де жеңіл тәсілі, келесі оқу жылына дейін жақсылап жаппай әзірленіп, 2011 жылдың қырқүйегінен бүкіл мемлекет қаржыландырып, ұстаздарына айлық төлеп отырған  - орыс, ұйғыр, өзбек, дүңген т.б. - мектептерінің бірінші сыныбынан негізгі пәндерді мемлекеттік тілде жүргізіп,  латын әләпбиін бірге кіргізетін болса, қоғамда ешқандай аласапыран болмайды. Нұрекең айтқандай: «Қазақстан халқының басын біріктіретін мемлекеттік тіл», - дейтін қағидасының өмірге қолданылуы да осы жолмен іске асады. Сондықтан, бүкіл қоғам болып мемлекеттік деңгейде осы ұсынысты ойланып көрсеңіздер екен. Алла рахымын, ауызбірлігі мен берекесін бергей...

Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Латын әліппесіне көшуді біз сәл кешірек қолға алып отырмыз. Латынға кө­шуге келгенде қатардағы көп­шіліктің бірі емес, ака­де­миктің алақандай дипломы, про­фессорлық мандаты бар­лардың қайсыбірі кирилица арқылы жарияланған рухани байлықтан алыстап, екі орта­да бос далақтаймыз деген өзі­нің жорамалын айтып, іс басында жүргендерді ойлан­ды­рып тастады. Әліппе ауыстырудың пайда-зиянын білмейтіндердің үрейшілдігі өзгелерден жаман болады. Атағы барлардың үрейіне іс басындағылар амалсыз үр­пиісіп қарайды.

Сондықтан адамзат қоға­мының даму бағытын әрқа­шан естен шығармау керек. Замана ағымына ілесе алма­сақ, сені біреу қолтығыңнан демейді деп үміттенбе! Дер кезінде үрдіске ілеспесең "қап" деп саныңды соғумен боласың.

Латынға көшу керек. Біз қатарымыздан кешігудеміз. Әзірбайжандар бірден көшіп, техника тіліне үйреніп қалды. Ал қасымыздағы Өзбекстан осыдан он жыл бұрын мек­теп­терін латыншаға көшір­ген. Балалардың оқуын латыншаға көшіру арқылы олардың ата-аналарының да сауатын ашып алды. Оларға енді онша қиындық келмейді. Ал қырғыз бауырларымыз орыс тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, көріп жатқан күндері мынау. Ал біздің Қазақстан орыс тілін ресми тілге айналдырып алды да, ана тілін дау-дамайдың объек­­тісіне айналдырып жі­берді. Қазақ қазақпен қазақ­ша сөйлесе алмай әлектену­деміз, тіпті түсіну жағында да қиындық көп. Осындай шын­­дықа көңіл аударған Пре­зидент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Қазақстан халықтары Ассам­блеясының ХІІ сессия­сында қазақ тілінде іс жүрг­ізуді мемлекеттік қызметкер­лерге мықтап ескертіп, латын әліппесіне көшу міндетін алға қойған болатын.

Ағайындар, бүкіл адамзат­тың 60-70 пайыздайы латын әліппесін қолданады. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптар латын әріпіне негіз­делген. Өркендеу заңы жа­салғанды сақтап, бауырыңа басып жата бер демейді. Ша­маң барда басқалардың пай­да­лы да ұтымды іс-әрекетін қолдануға талаптан дейді. Славяндармен өкпе-бауыры­мыз жабыса тумаған болар. Біз латынға көшсек, олар он­ша қинала да қоймас. Сон­дықтан латыншаға көшкен жөн. Енді тартыншақтай берсек, көш соңында қалып қою оңайдың оңайы. Елу елдің қатарына кіреміз десек, латын әрпінің пайдасы тимесе, зияны тимейді.

Ислам ҚАБЫШҰЛЫ, академик, доктор, профессор, Халықаралық Түркология орталығының президенті, «Алтын орда» мәдениет орталығының бас директоры:

- Біз латын әліпбиіне көшу туралы ұсынысты қолдаймыз. Өйткені түрік ағайындардың дені латынға көшіп қойды. Шыңжандағы қазақтар болса, араб әрпімен отыр. Біздің ішкі Моңғолиядағы адамдар ұйғыр жазуын пайдаланып келеді. Сондықтан латынға көшкен дұрыс. Бірақ мұның бір қиындығы бар. Әдебиетттегі, мәдениеттегі бай мұраларымыздың барлығы кирилл әрпімен жазылып қалғандықтан, мұны да бүгін-ертең асығыс қолға алуға да болмайды. Егер Қазақстан латынға көшетін болса, Шыңжан қазақтары мен Моңғолия қазақтары бір жылдың ішінде көшеді деп ойлаймын.

Бұл дүниежүзінің халықтары бет бұрып отырған нәрсе ғой. Сондықтан бұдан қашудың да жөні жоқ.

Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес. Бұл әріп Қытай елінде 1961 жыл­дан 1983 жылға дейін қолда­ныста болған.

Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек? Саяси маңыздылығы жағы­нан айтқанда, кириллицамен сіңіп кір­ген отарлық санадан арылу үшін де оның саяси маңызы зор. Екінші­ден, латын жазуы қолданысқа оңай, иге­руге ыңғайлы. Оған қоса жараты­лыс ғылымдары жағында да қолда­ныста дәлділігі мен ептілігін дүние жүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді.

Латын әрпіне көшу қазіргі қа­жеттілік деп есептеу керек. Отандық азаматтарда мынадай теріс түсінік бар: егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби мұраларымыз қолданыстан қалып қояды. Бұл орынсыз уайым. Себебі, егер мұның бәрі қазақ халқының нағыз мәдени мұрасы болса, кейінгі кез­­дерде оны ла­тын­ға көшірудің еш қиындығы жоқ. Керісінше, латын әрпіне көшсек,  Кеңес өкіметі кезіндегі  нағыз әдеби жау­һарларымызды латын әрпіне көші­ре­тін едік те, сол кезде жазылған, кеңестік идеологияны уағыздайтын дүниелерден арылар едік.

Қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Әрі бұл әлем қазақтары латын әрпі арқылы ала-құлалықтан да арылар еді. Ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдение­тіміз қалыптасар еді.

«Жас Қазақ үні» газеті

 

4 пікір