Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2321 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 21:12

Жанар Елдосқызы.Қазақтың құны «беш» тиын ба? немесе Ерлан Әбдірге жауап

Қазақ кейісе, не демейді? «Кет дегенге ит те кетеді» дейді. «Сенің құның маған беш тиын» деп шорт сынады. Ашынғандағы айтқаны ғой. Әйтпесе, ерін 1000 қойға, етектісін 500 қойға (бүгінгіше кем дегенде 15 млн және 7 млн теңге) бағалаған бабамыз үшін елден қымбат не бар бұл қу дүниеде?

Бірақ, біз өзгердік. Азаматымыз нақақтан ажал құшса да,  «әу» деп ауыз ашпайтын болдық. Би жоқ, батырып айтар, батыр жоқ, шектен шыққанды шауып алар. Ақын аз, ашынтып жырлар. Сондықтан шығар, адамнан ақша, атақ қымбат қазір. Әйтпесе, шейіт болғанға 500 мыңнан 1 миллионға дейінгі ақшаны аңыратып жүріп, әзер төлейтіндей не күн туды басымызға? Қызылағаштағы қырғын, Шығыстағы шығын, тағысын тағы. Ал жеке адамдардың басындағы оқиғалардың санынан жаңылысатын болдық. Сосын беті бүлк етпейтін айыптылар артына бес нөл тіркеп, одан қалса алты нөл тіркеп, қаралы жанды жалған миллионер атандырып, қарық қылғандай болады. Қазақтың құны түскен елде теңгенің құны қайбір жарытсын?

Әйтпесе, басқаны айтпағанда 1 миллион теңге, яғни 6-7 мың ғана доллар жәрдемақыны елім деп «Ми»-ға отырып, мерт болған семейлік ауыл әкімінің артында қалған шиеттей төрт балапанының қайсысысының аузына жырып бересің? Ол балалар оқымай ма, университетке түспей ме, үй болмай ма? Әкесіз өскен жетімдіктің тауқыметі ше?

Қысқасы, Ереке, не дейміз, кедейміз десем, Құдай көзімді шұқыр... Мұнай бағасы қымбаттап жатыр деп сүйінші сұрайды көк байрақты елдің көгілдір экраны. Бірақ одан маған келіп-кетер не пайда?

Ереке, сен кезінде қазақтың құны 500 мың теңге деп қынжылушы едің. Қайдам, маған «беш» тиын секілді. Бірақ, кімге өкпелейміз? Баяғы сол кесірткелік қауқар қалдырмаған Кеңес Үкіметіне ме? Үстіміздегі зерлі шапанды сыпырып алып, жұмысшының қара киіміне, күміс жүгенді тартып алып темір таяққа, қымызды араққа, Құранды «Компартия тарихына»  ауыстырып, қызыл саясат төрден есікке сүйреген қайран басымызды қай қиырдан іздеп табамыз енді? Табармыз-ау, қайтарып ала аламыз ба?

Ереке, мына суретті қара, жақсылап қара. 19-шы ғасырда орыс бит терісін басына қаптаған байғұс қазақтың бейнесі бұл. Екі ғасыр өтті. Ал сен Ақтаудағы вахтаға бар, Қарағандыдағы шахтаға бар, Алматының арбакешін көр, Аралдағы ағайынның амандығын біл. Айтарсың, айырмашылық бар ма? Сол баяғы қайыршылықтың таз кепеші таз қалпында. Азаттықтың ақ уызы аузымызға тиді дегендегіміз осы ма?! Ауылды аздырып,  қалаға алпыс шақырым жерден жолатпай, итпен қуып, дуана күйге түсірген бағлан бабаның ұрпағына жасалған қиянатқа жауап беретін жан бар ма өзі? Қазақ сыймай жүрсе жарайды, сыйдырмай жүргенін көргенде бұ дүниеге сыймай кетеді екенсің. Сабырдан да ұят болды өзі...

Не дейміз, кедей болсақ, мал-дүниеге емес, ынсапқа, ар-ұятқа, ұлтқа деген махаббатқа кедейміз. Мүмкін, тәуелсіздік алдық деп қуаныштан қатты айқайлап жіберген шығармыз, енді жүрміз дауысымыз қарлығып, үніміз өшіп...

«Абай-ақпарат»

0 пікір