Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоңырау 5066 13 пікір 25 Қыркүйек, 2017 сағат 17:24

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті. Бұл ақпаратты "Ақорданың" ресми сайты таратты.

Екі елдің басшылары не туралы сөйлесті? Әрине, екі елдің арасындағы қарым-қатынас пен өңірдегі бірқатар мәселелер әңгімеге арқау болды.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен ықтимал мүмкіндіктерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі күн тәртібінде тұрған  мәселелерді талқылады.

Путин әріптесі Назарбаевты құттықтады. Не үшін десеңіз, 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің табысты өткен үшін.

Астана Сирия дағдарысын реттеу үшін мүдделес елдерге алаң болып отырғаны туралы біраз бұрын жаздық. Астана алты жылдан бері бір бірінің бет жүзін көрмей кеткен билік жақтастары (Асад билігін қолдаушы топ) мен оппозиция өкілдерін бір үстелге отырғызды. Бұл Астана келіссөздерінің әуелгі жеңісі еді.

Алайда, Сирия жанжалының оң шешімін таппай келе жатқанына бір себептен Путиннің де қыңыр-қисиқ саясаты себепкер. Сондықтан Путин Астана процессіне мүдделі.

"Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағы қақтығысты реттеу үшін Ресей жағынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті", - деп жазады Ақорданың ресми сайты.

Сөйтіп, сөйлесіп отырған екі президент те Астана процесін жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өткен.

Бұдан бөлек, президенттер алдағы уақытта болатын кездесулер кестесін, соның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық барысын қарастырды. Екі ел көшбасшылары екі жақты өзара іс-қимылдың барлық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон соғып, сөйлесуге ишара білдірген Владимир Путин. Айта кетейік, осыған дейін Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев 14 тамыз күні телефон арқылы тілдескен еді.

Abai.kz

13 пікір