Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7570 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 09:13

Зардыхан Қинаятұлы. Ақ Орда қазақтың алғашқы мемлекеті

Тарихшы Зардыхан Қинаятұлы  70  жасқа толуына орай Ұлттық кітапханада шағын отырыс өткізді. Көз майын тауысып, ұзақ жылғы зерттеулерінің нәтижесінде жазып шыққан үш бірдей кітабының тұсаукесерін қоса өткізді. Тарихшыны мерейтойымен құттықтап, «Шыңғас хан және қазақ мемлекеті», «Көшпенділік ғұмыр», «Көзқарас» кітаптарының оқырман қазынасына айналуын тілек ете отырып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.

- Шыңғыс хан туралы жазған екі кітабыңыздың жаңалығы неде? Бұған дейін Қазақстан тарихында Шыңғыс хан туралы белгісіз болып келген дүниелер бар ма?

- Негізі Шыңғыс хан тарихы Қазақстанда жазылған жоқ. Әсіресе, қазақ тілінде. Шыңғыс ханның тарихын көбіне орыс тарихшылары жазды. Батыс, шығыс тарихшылары да жазды. Бірақ, қазақ тарихшылары, қазақ қауымы Шыңғыс хан туралы орыс тарихшыларының еңбектерінен және оның аудармаларынан алды. Сондықтан Қазақстанда өзіндік шыңғыстану ғылыми тақырыбы  қазақ тілінде қалыптасқан жоқ. Содан келіп, Шыңғыс хан туралы біздің ғылыми базамыз осал болды. Сөйтіп, ана жер, мына жерден келген адамдар Шыңғыс хан анау екен, мынау екен деп қиял хикаяттар жұрт арасына көптеп тарады. Және бұл әңгімелерге біздің шыңғыстану жөніндегі осал базамыз сенді. Соның кесірінен ақын-жазушыларымыз бен журналистеріміздің арасында ғылымға сай келмейтін әңгімелер тарап кетті. Осы ой-пікірлерге ғылыми жауап беру үшін осы екі кітапты жаздым.

Біз ғылыммен айналысамыз. Ғылыми тарих оқимыз, іздейміз. Ал, әлемнің ғылым тарихында Шыңғыс хан моңғол ма, емес пе деген сұрақ жоқ. Бұл әлдеқашан шешіліп, айтылып қойған мәселе. Жалпы, Шыңғыс ханның тарихы әлемде ең көп жазылған тарих. Тіпті, Македонскийден де, Петр I ден де, Юлий Цезарден де асып түседі. Неге десеңіз, батыс пен шығыстың арасын қосып және осы екі аралықты жаулап алған Шыңғыс ханнан басқа ешкім жоқ.

Мен Шыңғыс хан туралы өте үлкен жаңалық ашып жібердім деп айта алмаймын. Шыңғыс ханның өмір-тарихын ғылыми деректер негізінде нақты беруге тырыстым. Сонымен бірге бұл екі кітап Шыңғыс хан туралы қазақ тілінде алғаш рет жазылған  ғылыми монография. Қазақ тілінде монография емес, жай жазылған бірнеше кітап бар.

Монография - оқушы қауымға Шыңғыс хан туралы нақты ғылыми мағұлмат алуға көмек бола ма деп ойлаймын.

Соның сыртында бұл еңбекте көп нәрселер анықталды. Мысалы, бұрын Шыңғыс ханның туған жылын 1155 жыл деп жазып келді. Рашид ад диннің жіберген қателігін қайталап келді. Ал енді батыстың, шығыстың, қытайдың ғалымдары Юан ши арқылы Шыңғыс ханның туған жылы 1162 жыл деп анықтаған, қазір сол бойынша белгіленіп келе жатыр.

Екінші, бізде «Қазақ хандары Шыңғыс ханның ұрпақтары болса, Шыңғыс хан неге қазақ емес?» деген ұғым бар. Оны ажырату үшін біздің тарихи дәуірді екіге бөліп қарау керек. Шыңғыс хан 1218 -1224 жылдар аралығында Орта Азия жаулап алған. Жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан қайтты. Ел мен жерді ұлдарына бөліп берді. Ал ұлдарының екінші, үшінші ұрпағы қазағы қазақ, өзбегі өзбек болып кетті. Біздің қазақты билеген Жошының ұрпақтары екінші, үшінші ұрпақтарынан бастап қазақ болып кеткен. Сондықтан оларды біз мұңғұл деп есептемейміз. Мұңғұлдың билігі 1368 жылы құлады. Содан бастап біздің қазатың хандарының өзінің әулеті қалыптасты. Осы нәрсе таратылып осы кітапта көрсетілді. Қазақ мемлекетін құрған тайпалар және Шыңғыс ханмен біріккен тайпалардың ара байланысы, олардың этнотегі кім деген мәселеге мына кітапта негізінен жауап берілді.

- Қазақ тарихы Ақ Ордадан  бастау алады деп жатырсыз ғой. Бірақ осыған байланысты да талас-тартыс көп қой.

- Бізде Керей мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары қазақ хандығын құрған күннен бастап, қазақ мемлекеті, қазақ елі пайда болды дейді. Егер қазақ деген халық жоқ болса, оның тірегі жоқ болса, мемлекет деген жалғыз күнде қалыптаспайды ғой. Сондықтан ол Ақ Орданың төңірегінде қалыптасты. Бұрынғы шығыс-қыпшақ территориясында қалыптастқан. Ал, халқы қыпшақ, қазақ негізінде құралған мемлекет.

Орыс хан қазақ хандарының атасы деп танылған адам. Ол Жошы ханның жетінші ұрпағы. 1361 жылы Орыс хан Ақ Ордаға хан болған күннен бастап, оны қазақтың тұңғыш ханы, қазақтың алғашқы мемлекеті делініп көп жерлерде айтылып, жазылған. Сондықтан, біз, Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті деп танып, оны мәдениеті, территориясы тұрғысынан  жан-жақты зерттеп, Ақ Орда қазақтың алғашқы мемлекеті деген қортындыға келдік.

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір