Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3562 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 07:58

Бішкекте спорт сарайында жарылыс болды; 6 адам зардап шекті

Бішкек. 30 қараша. ҚазТАГ – Бішкекте сейсенбі күні таңғы сағат 8.50-де спорт сарайында жарылыс болды, 6 адам зардап шекті.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі милиционер Бішкектегі ұлттық госпитальге жеткізілді.

Ұлттық госпитальдің отоларингология бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайдулатовтың айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.

«Алдын ала диагноз – дабыл жарғақтарына зақым келген. Сыртқы жарақаттар жоқ. Диагноз қуатталса, зардап шеккендер емдеуге жатқызылады», -деді Н.Қайдулатов.

Жеңіл контузия алған МҰҚҚ қызметкері ауруханаға жатудан бас тартты. Соңғы ақпаратқа сәйкес, жарылыс кезінде ғимараттың қасынан өтіп бара жатқан үш әйел зардап шеккен. Бәрі қатты қорқып кеткен. Олардың бірі – жедел жәрдем қызметінің фельдшері дабыл жарғағы жарылды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта спорт сарайының ғимараты қоршауға алынды, оқиға орнында МҰҚҚ мен ІІМ топтары жұмыс істеп жатыр.

ҚырТАГ-қа құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, жарылысқа миналанған канализациялық люк себеп болған.

Еске сала кетейік, бұл күндері спорт сарайының ғимаратында 7 сәуірде Бішкекте Ала-Тоо алаңындағы жаппай кісі өлтіруге қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы өтіп жатыр. Бүгін таңғы сағат 10-да кезекті отырыс өтуге тиіс болатын. Тыңдау оқиғаға байланысты кейінге қалдырылды.

Бішкек гарнизонының әскери сотының хабарлауынша, әдетте сот отырысы сағат 9-да басталатын. Бірақ кеше соңғы сәтте судья тыңдауды сағат 10-ға белгіледі. Куәгерлердің пікірінше, осы кездейсоқ жағдай көптеген адамдарды өлімнен аман алып қалды.

0 пікір