Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3652 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 06:01

Дәурен Қуат. Өткенді білмей өзіңді тану мүмкін бе?..

Иосиф Бродский «Зұлымдықтың мекені»(«География зла»)  атты рецензиясында «...бұл кітапты оқымау - құбыжыққа құл болу» деп жазған екен(еркін аударма). Бродскийдің «бұл кітап» деп отырғаны - атақты «Архипелаг ГУЛАГ». Авторы - әрине,  Александр Исаұлы Солженицын.

Сталин заманының темір құрсау, тар шеңгелін көрген, абақтыда ауыр азап шегіп, Совет Одағы күйрегенге дейін  АҚШ-та өмір сүрген орыстың эмигрант жазушысы Александр Солженицынның шығармалары  2011 жылдың көктемінен бастап Ресейдегі орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында жаппай оқытылмақшы. Сонымен, Батыстағы замандастары «Соңғы Икона» атаған Солженицын марқұм орыс әлеміне қайта оралуда.  Бірақ біз «қызық қылғанда» «Ресейдің бес облысы Қазақстанға өтіп кетті» деп сақалын жұлып байбайлаған Солженицынның саяси сандырақтарын емес, қаламгер Солженицынге жақсы жар, айнымас серік бола білген Наталья Солженицаның сұхбаттарына шолу жасағанды жөн көріп отырмыз.

Наталья ханым көп жылдардан бері «Солженицын қорын» басқарады. Жазарман байының жазған дүниесіне берілген қаламақыны қақшып алып отыратын  біздің тотай жеңгелеріміз сияқты емес, ол - аталған қордың тиын-тебенін  ГУЛАГ-тың бұрынғы тұтқындарының зәрулігіне жаратумен келе жатқан жомарт адам.

Иосиф Бродский «Зұлымдықтың мекені»(«География зла»)  атты рецензиясында «...бұл кітапты оқымау - құбыжыққа құл болу» деп жазған екен(еркін аударма). Бродскийдің «бұл кітап» деп отырғаны - атақты «Архипелаг ГУЛАГ». Авторы - әрине,  Александр Исаұлы Солженицын.

Сталин заманының темір құрсау, тар шеңгелін көрген, абақтыда ауыр азап шегіп, Совет Одағы күйрегенге дейін  АҚШ-та өмір сүрген орыстың эмигрант жазушысы Александр Солженицынның шығармалары  2011 жылдың көктемінен бастап Ресейдегі орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында жаппай оқытылмақшы. Сонымен, Батыстағы замандастары «Соңғы Икона» атаған Солженицын марқұм орыс әлеміне қайта оралуда.  Бірақ біз «қызық қылғанда» «Ресейдің бес облысы Қазақстанға өтіп кетті» деп сақалын жұлып байбайлаған Солженицынның саяси сандырақтарын емес, қаламгер Солженицынге жақсы жар, айнымас серік бола білген Наталья Солженицаның сұхбаттарына шолу жасағанды жөн көріп отырмыз.

Наталья ханым көп жылдардан бері «Солженицын қорын» басқарады. Жазарман байының жазған дүниесіне берілген қаламақыны қақшып алып отыратын  біздің тотай жеңгелеріміз сияқты емес, ол - аталған қордың тиын-тебенін  ГУЛАГ-тың бұрынғы тұтқындарының зәрулігіне жаратумен келе жатқан жомарт адам.

«Бүгінгі кенеуі кетіп, күнде жетілген әділетсіздік пен әлеуметтік тұрмысымызды тұралата бастаған зорлық-зомбылықтың, мемлекеттік деңгейдегі ұрлықтың тосқауылы -  өткенімізді тану», -  дейді Наталья ханым. Өзіңді танудан (самопознаниеден) бұрын өткенді танудың қажеттігін көп күйттейтін тағдырлы жан «Архипелаг» «біз туралы, бәріміз туралы» деген сөзді жиі айтады.

«Езгі, - дейді ол, - жендет пен құрбанға егіз тағдыр. «Архипелаг» Сталин жайында ғана жазылған шығарма емес. Репрессияның баскесерлері тек чекистер деп білсек қателесеміз. Репрессияға көршісінің ауласынан тулақтай жер кесіп алуды көздеп көстеңдеген белсенді де, әлдебірдеңені бүлдіріп қоймау үшін мектеп тәртібіне бүгежектей көнген оқушы секілді маңайындағы сұмдықтың бәріне нәмақұл болған пенде де қатысты. Сондықтан халық ерікті түрде террошылардың ажал тілеген аранына жұтылып кете жаздады».

Ресей жорналшылары әм зиялы қауымы Наталья Солженицына сияқты екі қоғамның, яғни азап лагерьне айналған Совет Одағы мен әлемдік жандармдық билікке жанталаса ұмтылған АҚШ қоғамының  шегінде өмір сүрген адамның аузымен орыс болашағына төніп тұрған қауіп турасында сөйлей бастады. Бұл жөнінде біз де терең ойлануға тиіспіз...

Ресейдің империялық үстемдігін қайта қалпына келтіруді көксейтіндер коммунистер билеген заманның кейбір игіліктері мен салт дәстүрін жаңғыртудың жолында жүр. Олардың қорқыншты идеяларына қол соғатындар өкінішке қарай біздің қатарымыздан да табылады. Тобырлық санаға тоқтам жасау қиын. Алайда, зұлмат жылдардан қалған қанды жылымының бетін «жылы жауып қойып» алдыға бір қадам аттай алмайтынымызды біз тегі бек ұқсақ керек-ті.  Солженицына ханым не дейді?

«Аңсарымызды өткенге аударып, өткенге арбала бермейік. Көпшілік қалай ойлайды: мен бұрын баламды жазғы каникулындарында демалыс лагерьлеріне жіберетінмін, қазір олар ешкімге керек емес. Бұрын «жілік майы» су татыса да әрқайсымыздың қоғам мүлкінен ортақ үлесіміз болды. Содан кейін мынандай байлам жасайды: бұрын - «үлкен аймақта» өмір сүру жақсы еді». Жоқ, бұл қате! Бостандықтың бодауында күн кешкендер үшін ол жүйе әділет жүйесі есептелді. Бірақ, ол жүйе адамның тәні мен бірге жанын да қорлады. Біз сол бір дүлей қоғамның жаны мен тәні илеуге түскен құлақ кесті құлы болдық».

Наталья Солженицына  сөз етіп отырған жайттарды тоқсаныншы жылдардың «толықсыған шағында» Сталиндік репрессия құрбандарынан қалған ұрпақтар естелігімен естір құлаққа біз де жеткізіп бақтық. Бірақ Қазақстан билігі айналдырған он-жиырма жылдың жүзінде сан құбылғандықтан  қазақ қоғамы да «құбыласынан» жаңыла берді.. Билік бірде тоталитарлық жүйенің тоңын жібітіп жаңа қоғам құрудың қамына кіріссе, бірде ол ойынан айнып, баяғы сүрлеу соқпақтан шықпаудың, әліптің артын бағудың дұрыстығын дәріптеуге көшті. Бірде, демократиялық зайырлы қоғамның құндылықтарына ниетінің ауғанын аңғартса, бірде, бәрін ысырып тастап әлемге қазақстандық «ноу-хау» - қоғамды жаңа сатыға көтерудің үлгісін ұсынып әуреленді. Анығы қазір, қазақстандық билік «ноу-хаулаудың» жолына біржола «ау-хаулап» түскен сықылды.  Осы күндері Алаш ардагерлері армандаған ұлттық мемлекет құру идеясы  маргиналданған қазақстандық қоғамда құнсызданып барады. Ұлттық мемлекеттің макетіне Халифат билігін жапсыруды көздейтін күштердің ептеп белгі беруі әлгі «ноу-хаудың» не екендігінен хабарсыз жұртты жырып әкетудің амалы болса керек.

Кремльдің дәлізін кешкен орыс билігінің соңынан кешегі қазақ-совет номенклатурасы да ойланбай ере берген болатын, бүгінгі қазақ билігіндегі саяси свита да көзді жұмып тастап сол салтпен ұрып келеді. Ендеше, ескірмейтін  салт бойынша мүмкіндікті пайдаланып Қазақстан да «тарихи ақтаңдақтардың» бетін қайыра ақтарып, Алаш ардагерлерінің әдеби мұралары мен саяси ойларын жаңғыртуға тиіс.

Украина Радасы Голодоморды дүниежүзіне жария етті.

Біз де қазақ халқын қырып-жойған, езгіге салған, туған жерінен айырған, аштықпен қырған, атып-асқан большевиктердің басқыншылығын халықаралық ұйымдар арқылы бар құрлықтың «құлағына» жеткізіп әлем тарихының бетіне ойып жазуымыз керек.

Путиннің тікелей құзырымен Солженицын шығармалары сәл-пәл жұқаланып  мектеп бағдарламасына еніп жатыр. Ал, бізде Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып, т.б. шығармалары    мектептегі әдебиет пәніндеріне әлі толық енген жоқ. Ескеретін мәселе.

Тарих оқуылықтарында 1920-1940 жылдар аралығындағы сұмдықтардың беті күлбілтеленіп қана ашылған. 11 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығындағы 5-тарауда «Қасіретті жылдар» деген тақырыптан өзгесі «Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы», «Қазақстанда кәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуы», «Ғылымның дамуы» болып кете береді.

Тарихатан «таза» қалпымызбен қайда барып оңар екенбіз?

Әдетте қандай да бір түйткілді мәселенің түйінін тарқататын нақты жауабымыз болмағандықтан осылайша мақала соңын сұрақтармен аяқтауымызға тура келеді. Маған кейде қазақтың әр күні сұрақпен өтіп жатқандай сезілетіні бар.

Біз өткеннің бар кесапат, зиянын ақтарып, арылғанда ғана ашық, азат ойымызға тұғыр таба алатын боламыз.

Бір жүйе... бүлінген қоғам. Бір жүйе мен бүлінген қоғамның зардабын сан мыңдаған тағдырлар тартты. Солардың бірі жазушы Солженицын болатын. Бізге оның саяси сандырақтары емес, қаламгерлігі, азапты тағдыры ой салады. Ұлты, діні, туған жері өзге болғанымен өзекті тағдыры бір адамдар туралы тұтастықты ескере жүрген жөн. Мәртебелі оқырманға енді бір сәті түссе,  Шабданұлы Қажығұмар мен Шаламов Варлам турасында әңгімелеп бермекпіз.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563