Жұма, 19 Сәуір 2024
Абай мұрасы 6268 0 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 09:54

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы өтеді

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы
21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанның жастары арасында дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсын өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Конкурстың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына облыстық (қалалық) конкурстардың жеңімпаздары қатысады. Конкурс ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай орындау бойынша сайысқа түседі.

Жеңімпаздарды абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында болады.

Басталуы:  сағ: 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 40-83-97, 8 701-109-76-14

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір