Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3449 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 09:36

ЕҚЫҰ грузин-осетин қақтығысы тез арада шешіле қояды деп үміттенбейді

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Жақын келешекте грузин-осетин қақтығысы шешіле қояды деп үміттенуге болмайды, деп есептейді ЕҚЫҰ-ның қақтығыстарды алдын алу жөніндегі директоры Херберт Зальбер.

«Бұл ұзаққа созылатын процесс болатын шығар. Бұл мәселеде де бір ғажайып болады деп күтуге болмайды, бірақ Астанадағы саммит басшылықтың деңгейінде (қақтығыс туралы - ҚазТАГ) тікелей әңгімелесуге мүмкіндік береді», - деді Х. Зальбер Астанада баспасөз мәслихатында.

ЕҚЫҰ ұйым ретінде «өздерін егемен мемлекеттер деп отырған осы жаңа аймақтардың (Абхазия және Оңтүстік Осетия - ҚазТАГ) қандай мәртебесі бар екеніне қатысты анық ұстанымда бола алмайды».

«Біз мұны істей алмаймыз (егемендігін мойындауды), мен ЕҚЫҰ-дағы консенсус қағидасы туралы айтқан болатынмын», деді Х. Зальбер.

«Біз қақтығысты шешу үшін форум беретін форматтарда ынтымақтаса аламыз. Бұл жағдайда Женевада жүйелі түрде өтетін келіссөздеріміз бар және оларға қақтығыстың жақтары қатысып келеді», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596