Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3817 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 09:00

Павлодар мұражайында Шоқан Уәлихановты еске алу шарасы өтті

ПАВЛОДАР.  Қарашаның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодардағы Шафердің мұражай-үйінде  жергілікті  суретші  және педагог,  Сырымбет ауылының  тумасы  Ерсін  Тақырбасовпен    өткен кездесу    танымал  географ, этнограф  және  ағартушы Шоқан  Уәлихановтың   175   жылдығына арналды. Бұл туралы   мұражай  директоры Татьяна Корешкова хабарлады.

Шоқан  Уәлихановтың  туысы  болып   келетін    Ерсін  Тақырбасов     жастайынан  ғалымның    шығармашылығы  мен    өмір жолын     зерттеп келеді.  Ол көптеген   көркем туындылары мен зерттеу материалдарын      Шоқанға арнаған.   Е.Тақырбасовтың   үй  кітапханасында   атақты  жерлесі  туралы кітаптар мен     материалдар жинақталған.

Мұражайда  өткен  еске алу  кешінде 1938 жылы  жазып  алынған  «Сырымбет туралы  ән»   шырқалды.  Бұл жазба   музыкатанушы Наум Шафердің     бірегей  жинағында  ерекше  орын алады.

0 пікір