Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3766 0 пікір 28 Қараша, 2010 сағат 14:20

Жоғары оқу орындарында мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі қысқаша ақпарат

Ағымдағы оқу жылынан бастап 16 жоғары оқу орындарында мемлекеттік бақылау жүргізілді және оның нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Атап айтқанда, 10 жоғары оқу орындарының бас лицензиясының қолданысы 6 айға тоқтатылды:

- Халықаралық бизнес-академиясы;

- «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты;

- Казақ-Қытай университеті;

- Казақ енбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;

- Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы;

- Академиялық инновациялық университеті;

- Казақстан инженерлік-технологиялық университеті;

- «Болашақ»Маңғыстау институты;

- С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;

- Көкшетау экономика және менеджмент институты.

Келесі жоғары оқу орындарының жекелеген мамандықтар бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылды:

- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті - 8;

- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті - 15.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті комиссияның шешімі бойынша 18 мамандық бойынша аттестатталмаған.

Жоғарыда аталған жоғары оқу орындарына жалпы сомасы 2 939 040 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Білім алушылар контингенті, оның ішінде оқуға қабылдау, практика, материалдық-техникалық база, оқу және ғылыми зертханалық базалар бойынша ҚР МЖМБС талаптарының, мамандықтар стандарттарының, біліктілік талаптарының орындалмауы сияқты бұзушылықтар әкімшілік шаралар  қолдануға негіз болды. Сондай-ақ, бітіруші курс студенттері тестілеу кезінде аттестатталмаған мамандықтар бойынша  төмен білім деңгейін көрсетті.

Комиссияның тексеру жүргізуіне кедергі жасалуына байланысты «Дүние» Ақтөбе университеті мен Қазақ - орыс халықаралық университетіне қатысты әкімшілік істер Ақтөбе қаласының мамандандырылған сотына жіберілді.

Кемшіліктерді      белгіленген      мерзімде      жоймауына    байланысты М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне қатысты әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының соттық қадағалау алқасының қаулысымен Қызылорда гуманитарлық университетіне қатысты Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының істі негізсіз тоқтатуына сәйкес сот шешімі жойылды және аталған жоғары оқу орнына қатысты іс жандандырылды.

Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін (Семей қ.) қайта тексеру аталған жоғары оқу орнының алдыңғы комиссия анықтаған кемшіліктерді жоймағанын көрсетті. Сондай-ақ, аталған жоғары оқу орны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Білім және ғылым министрліктерінің рұқсатынсыз Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық унверситетімен бірлесіп, ұйымдастырылған әскери кафедраға 49 білім алушы қабылдаған. Бүгінгі күні жоғары оқу орнының тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ, әскери даярлық бойынша сабақ өткізуге арналған техникалық жабдықтармен жасақталмаған. Жоғары оқу орнының кемшіліктерді жоймағанына байланысты әкімшілік іс сотқа жіберілетін болады.

27.11.2010

http://www.edu.gov.kz/index.php?id=news1&tx_ttnews[tt_news]=2154&tx_ttnews[backPid]=1&cHash=a3c51cf005

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522