Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3611 0 пікір 28 Қараша, 2010 сағат 08:09

Жансая Серғазықызы. Саммит өтетін күндері Арқада ызғар болмайды

ЕҚЫҰ саммиті күндері елордада күн жайма-шуақ болады. Қыстың алғашқы күндері айтулы тарихи оқиғаны бастан өткеретін ел астанасында аздаған қар жауғанымен, ауа температурасы едәуір жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығының мамандары хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанның 1-і және 2-сі күндері Астана қаласында солтүстік-ба­тыс­тан жел соғып, қар жауатынына қарамастан, сынап ба­ғанасы біршама жоғарылайды. Атап айтқанда, ауа тем­пературасы түнде -8-13, күндіз -2-7 градус шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл Арқа үшін әлдеқайда жылы. «Қазгидромет» орталығының ауа райын ұзақ мерзімге болжау бөлімі мамандарының сөзіне қарағанда, қыстың нағыз ызғары республика аймақтарында айдың екінші онкүндігінен соң ғана сезіледі. Яғни желтоқсанның 25-інен кейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде сынап бағанасы күндіз -17-25 градусқа дейін күрт құлдыраса, түнде -25-33 градус шамасында аяз болады. Бұл күндері Қазақстанның батыс бөлігінде термометр көрсеткіші түнде -19-24, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында -31 градусқа төмендейді.

Айнұр ӘБЕНОВА, «Қазгидромет» РМК ауа райын ұзақ мерзімге болжау бөлімінің жетекші маманы:

- Қыстың алғашқы айындағы едәуір жылы күндер желтоқсанның бірінші және төртінші апталарында қалыптасады. Мәселен, бұл уақытта Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде -3-10, кей жерлерде -15 градус шамасында суық болса, күндіз 0-7 градус салқын болады. Еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде термометр көрсеткіші түнде 0-8 градусқа, ал күндіз 0-7, оңтүстікте +4 градусқа тең болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 14 градусқа дейін жоғарылайды деген болжам да бар. Айдың алғашқы жартысы мен ортасында республика аймақтарына түсетін жауын-шашын мен қардың әсерінен оңтүстіктің жолдарында көктайғақ қалыптасып, солтүстікте аздаған боран соғуы мүмкін.

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір