Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Анық 10594 9 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 11:12

Үнді азаматтарының заңсыз әрекеті – қазақ ұлтын басынғандық

                                        ҚР Бас прокуроры Ж.Асановқа

                     ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа

2017 жылдың 2 қыркүйек күні кешкісін Бас ордамыз – Астана қаласындағы  «Абу-Даби Плаза» кешені құрылысы маңында шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасында болған төбелестен кейін шетелдік азаматтардың  ұсталмағанын бас прокурор орынбасары А.Лукин  ресми түрде мәлімдеді. «Масаң шетелдік азамат отандастарын шақырып, күзетшіні соққыға жыққанын, кейін жергілікті жұмысшылар күзетшіге болысып, оның соңы үлкен төбелеске ұласты» деп  ішкі істер министрілігің баспасөз хатшысы А.Сәдубаев ақпарат құралдарына жауап берді.

Әлем қарап отырған Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде  және қасиетті мереке – Құрбан айт уақытында шетелдік азаматтардың (үндістердің)  ішімдік ішіп алып, үлкен қоғамдық тәртіп бұзса да ешқандай Қазақстан Республикасына Заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылмауы  барлық қазақстандықтарды алаңдатып, ашу-ызаларын туғызып отыр. Ал, Үндістан азаматтарының  заңсыз әрекеттері, бізді – яғни мемлекет құраушы – қазақ ұлтын  басынғандық, Қазақ Елінің заңдарын құрметтемегендік.

Сіздерден төмендегі жағдайды талап ете сұраймыз.

1. Астанада болған дүрбелең жағдайдың ақ-қарасын әділ анықтау үшін, осы оқиғаға байланысты, зиялы және қоғамдық белсенділерінен комиссия құруларыңызды сұраймыз.

2. Қазақстан Заңдарын құрметтемеген және мемлекет құраушы – қазақ ұлтын басынған Үндістан азаматтарын заң алдында жауапкершілікке тартып,  Сот шешімімен Қазақстан Республикасының   аумағынан шығаруды талап етеміз.

3. Ішімдік ішіп, Қазақстандық азаматтарды алғаш болып ұрып, жанжал шығарған Үндістан азаматтарының халықтан кешірім сұрауларын талап етеміз.

4. Үндістан мемлекет басшыларының отандастарының үлкен тәртіпсіздіктері үшін, Қазақстан халқынан ресми түрде кешірім сұрауларын талап етеміз.

5. Өз елінде өз соққыға жығылған өз отандастарын қорғауға келген қазақстандық азаматтарымызды қудалауды тоқтатып, бәрін де жауапкершіліктен босатуларыңызды және өз жұмыстарында қалдыруларыңызды сұраймыз.

Орал қаласының тұрғын, қоғам белсендісі Талғат Қатауов және Батыс Қазақстан облысының бір топ тұрғындары.

Қол қою жалғасады. 

Abai.kz

9 пікір