Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Бәсе... 13066 55 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 12:52

 Этникалық қазақтардың экстермистік ұйымдарға қатысы жоқ

 

Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардың террористік және экстремистік ұйымдарға қатысы жоқ деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті «Нұр Отан» партиясына.

Естеріңізге сала кетейік, бұның алдында ақын, қоғам белсендісі Гүлісхан Домалай бастаған 17 адам «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мырзаның атына хат жазып, «ҚХР-дан қоныс аударып келіп Қазақстанның азаматтығын алған қандастарымыздың арасында Сирияға кеткендер, сондай-ақ террорлық және экстремистік ұйымдармен байланыс жасап ұсталғандар бар ма?» дегенге саятын сауал қойған еді. Бұл хатты «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментіне жолдаған. Аталған департаменттен кеше Жұмажан Қамкенұлының атына жауап хат келді. Департаменттің жауап хатында «... арыз бойынша жүргізілген тексеру іс-шараларының барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында террористік және экстремистік қылмыстарды жасағаны, оның ішінде шетелде халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін іздестірудегі, Қазақстанның азаматтығын алған ҚХР-дан келген оралмандардың жоқтығы анықталды» деп  жазылыпты.

«ҚР азаматтығын алған оралман қазақтар мен этникалық ұйғырлар Қазақстан арқылы Сирияға кетіп жатыр» деген қауесетті ақын, ғалым Дүкен Мәсімханұлының аузымен «Первый канал - Евразия» арнасы таратқан болатын.

Кейін Дүкен Мәсімханұлы  «Первый канал - Евразия» арнасы сөзімді бұрмалап жіберді" деп, одан соң: "Әлгіндей жаңсақ сөзді ел аузынан естіген едім" деді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы А. Арыстановтың «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мырзаның атына жолдаған жауап хатында да Дүкен Мәсімханұлының қате ақпараттарға ұрынғаны көрсетіліпті. Қараңыз:

Осы күндері ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында этникалық қазақтардың әртүрлі саяси қысымға ұшырап жатқаны, қытайдың «саяси ағарту» орталықтарына алынып, тіпті, қайсыбірінің себепсізден себепсіз сотталып кеткені белгілі болуда. Деректерге қарағанда, жергілікті билік қазақтардың діни наным-сеніміне қарсы қатаң бақылу орнатып, қысымға алып жатқан көрінеді.

 

Abai.kz

55 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516