Сенбі, 20 Сәуір 2024
3472 0 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 09:37

Кәріс шіркеуінің пасторы экстремизм үшін сотталды

Худжанд қаласы соты "Сонмин Сонбогым" христиан шіркеуінің пасторын экстремизм айыбы үшін үш жылға соттады. Сот үкімі биыл шілде айының соңында шыққан.

42 жастағы Бахром Холматов биыл 10 сәуірде Худжанд қаласында кәрістердің протестанттық шіркеуін тексеруден соң ұсталды. Сол кезде құқыққорғау мекемесі ер кісіні экстремизмге қатысы бар деген күдікпен ұстағанын хабарлаған.

Христиан шіркеуінің веб-сайтында келтірілген дерек бойынша, 10 сәуірде қауіпсіздік органының қызметкерлері шіркеуге баса-көктеп кіріп келіп, келушілерді негізсіз ұстай бастаған. Шіркеуден және келушілердің бірі Бахром Холмотовтың үйінен діни әдебиет табылған, сарапшылар оның "экстремистік мазмұны бар" деп таныған.

Сот өкілдерімен және сотталушының туыстарымен хабарласу мүмкін болмады. Бұның алдында "Форум-18" сайты Холматов туыстары сот ісіне қатысты пікір білдіргісі келмейтінін жазған. Шіркеуге келушілер де қуғындалудан қорқып отыр.

Тәжікстан билігінің мәліметі бойынша, "Сонмин Сонбогым" христиан шіркеуінің ресми тіркеуі жоқ, сол себепті оның ел аумағындағы қызметі заңсыз саналады. Дегенмен кәріс шіркеуінің сайтында "Сонмин Сонбогым" орталығы 2009 жылы Тәжікстанның Дін істері жөніндегі комитетінде тіркеуден өткені туралы жазылған.

Abai.kz

0 пікір